159
жазаларды
қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі Республи- ка аумагында
қылмыстык құкық бұзушылыққа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруга
мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай
топтарға бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататын- дар: қоғамдык
жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялык
дәрежесінен, біліктілік сыныбынан жэне мемлекеттік награда- дан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек коюмен байланысты жаза түрлері:
белгілі бір лауазым
атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану кұқыгынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу:
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге
шығарып жіберу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары,
айыппұл, мүлікті тәркілеу.
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланы- сты жаза
түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамаққа алу. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан
басқа түрлері жалпыға мэлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топка
бөлінеді: Бірінші топты негізгі жазалар қүрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара
жаза ретінде, жазаның максатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жазатүрлерін айтамыз.
Қазакстан Республикасының 2014 жылы қабылданган Қылмыстық кодексінің 40-ба- бына сәйкес
жаза түрлері қылмыстық теріс қылық жасағаны және кылмыстык құқық бүзушылық жасаганы үшін
жеке дара белгіленген. Қылмыстық теріс қылық жасаганы үшін кінэлі деп танылғандарға мынадай
негізгі жазалар: 1) айыппүл; 2) түзеу жүмыстары;
3) қоғамдық жүмыстарға тарту; 4) қамаққа алу қолданылуы мүмкін.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарга мынадай негізгі жазалар:
1) айыппүл салу;
2) түзеу жұмыстары;
3) бас бостандығынан шектеу;
4)
бас бостандығынан айыру;
5) өлім жазасы қолданылуы мүмкін (40-бап, 2-бөлігі).
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға косылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге
асыруда оған комекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Респуб- ликасы Жоғарғы
Сотынын «Қылмыстық жаза тағайындаган кезде соттардың заңды- лықты сактауы туралы» 1999
жылгы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының 25, 26-тармақтарында «Негізгі және қосымша
жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға,
жазаның мақсатына жетуге көмектеседі, осыған байланысты соттар үкім шығарган кезде эр іс
бойынша, әсіресе, ауыр, аса ауыр, сыбайлас жемқорлық қылмыстар
жасаған адамдарға қосымша
жаза колдану қажеттілігі мәселесін қараған жөн.
Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану не- месе қолданбау
мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, кабылданған
шешімнің дәлелдерін үкімнің дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал косымша жаза
қолданылмаған жағдайда бұл туралы үкімнің қорытынды бөлімінде ондай сілтеме жасалмайды.
Кінэліні соттаған кезде қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп табылса,
сот оны ҚК-нің
55-
бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана ҚК-нің 55-бабына сілтеме жа- сай отырып
қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде келтіре отырып, қолданбауы мүмкін.
Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл, мүлікті тәркілеуі
сияқты
түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар сотталушыны кінэлі деп таныған ҚК-нің баптарының
160
диспозицияларында косымша жаза ретінде көзделген болса ғана колданылуы мүмкін. Белгілі бір
лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу күқынан айыру, арнайы, әскери немесе
күрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен,
біліктілік сыныбынан және
мемлекеттік наградаларынан айыру косымша жаза ретінде ҚК-нің Ерекше бөлімінің қылмысты
саралаған бабында жаза ретінде көзделмесе де тағайындалуы мүмкін. Бүндай жазаны қолдану
туралы шешім қабылданғанда, үкімнің корытынды бөлігінде ҚК-нің тиісінше 41 немесе 50-бабына
сіл- теме жасалуы керек. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшін сотталған кезде, сот үкіммен бірге ҚК-
нін 50-бабы 2-бөлігінің негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің атына сотталушыны
мемлекеттік наградалардан немесе Қазакстан Республикасы Президенті тағайындаған күрметті,
эскери, арнайы атағынан, сыныптык шенінен, дипломатиялық дәрежесінен,
біліктілік сыныбынан
айыру туралы тиісті үсыныс енгізу туралы мэселесін карауы тиіс.
Қосымша жазалар сотталушыны кінэлі деп таныған заң баптарында көрсетілген шекте
тағайындалады. Егер қосымша жаза ҚК-нің 41 немесе 50-баптарының негізінде қолданылса, оның
мерзімі заң бойынша жазаның осы түріне белгілеген шектен аспа- уы керек», - делінген. Сондықтан
да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында косымша жазаларды қолдану немесе колдану
мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тагайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің
тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал косымша жаза қолданылмаған жагдайда
үкімнін қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінэлі
сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында косымша жаза колдану
міндетті
деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болган
жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, кабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті
түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек кана негізгі жазаға қосылып тағайындалады.
Қылмыстық қүқық бұзушылық жасағаны үшін кінэлі деп танылған адамға негізгі жа- замен
қатар мынадай қосымша жазалар:
1) мүлкін тәркілеу;
2) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сынаптык шенінен, дипломатиялык дәрежесінен,
біліктілік сыныбына жэне мемлекеттік наградаларынан айыру;
3) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметінен айналысу құқығынан айыру;
4) шетелдікті немесе азаматтығы жок адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары
жерге шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.
Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні эр түрлі жаза түрлері
көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану - қылмыстык кұқық бұзушылыкпен тиімді күрес
жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Енді осы жазаның жекеленген түрлеріне
сипаттама
береміз.
Достарыңызбен бөлісу: