Тарих 90 жауаптар


)Еуропалық саяхатшылар Қазақ даласы туралы



Pdf көрінісі
бет42/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67
Тарих 90 жауаптар

57)Еуропалық саяхатшылар Қазақ даласы туралы.
Еуропалық саяхатшы жəне суретші Джон Кэстль 1734 жылы Ресей патшалығы
ұйымдастырған Орынбор экспедициясының құрамында Орталық Азияға сапар шегіп,
екі жыл сонда болды. Осы сапары барысында ол 1736 жылы Кіші жүз қазақтарының
ханы Əбілқайыр ханның ордасында болып, ресейліктердің атынан онымен келіссөздер
жүргізді. Кэстль күнделігін басқа саяхат кітаптарынан құнды ететін тағы бір ерекшелігі
— сызған суреттері. Хан ордасы, табиғат жəне портреттер бар. Кэстль күнделігінде бес
адамның портретін сызғанын айтады. Олар: Əбілқайыр хан, Əбілқайыр ханның
Орынборда ол кезде Ресейдің қолында аманат тұтқында болған ұлы Ералы сұлтан,
Алдар атты өте танымал башқұрт соғыс көшбасшысы, оның қызы, бесіншісі — қасында
аудармашы болып жүрген татар Мұса. Бірақ кітапқа Ералы сұлтанның портреті
кірмеген. Өйткені оны хан ордасында қонақ болып отырғанда Ералы сұлтанның анасы
Бопайға ұсынып, қуантады. Хан ордасынан кетер алдында оны Əбілқайыр хан кешке
жеке үйіне шақырады. Сонда ханның əйелдерін көреді. Оның хан ордасын
сипаттауынша, киіз үйдің іші парсы кілемдерімен жақсы жабдықталған. Жерде отырған
ханның екі жағында Бұқар барқыттан жастықтар болған. Оның жоғарысында қызыл, ақ
жəне алтын үш түсті жібек шымылдық ілулі. Ханның сол жағында төрт бұрышты жібек
шымылдық ішінде оның үш əйелі отырады. Бəйбішесінің басында оюмен өрнектелген
бас киімі, алтын түсті гүлдермен əшекейленген қызыл жібек киімі болған. Өзге екі
əйелінің Бұқар барқыт киімі жəне ақ матадан бас киімі болған. Қазақтардың діни
сенім-нанымдарына да тоқталған Кэстль: «Қазақтар өте ырымшыл бола отырып,
құдіреті шексіз Құдайды құрметтейді. Күніне бес уақыт беті-қолын жуып, дəрет алып,
бастарын жауып, тізе бүгіп намаз оқиды, мұсылманша ер балаларын сүндетке
отырғызады. Оларда оқи алатын, жаза алатын молда өте аз. Олардың жазуы үнді
сиясына батырып, қамыспен оңнан солға қарай жазылады», — дейді. «Қазақтардың
заңдары əдеттегі тұрақты жазбаша заңдарға ұқсамайды. Ахун немесе ең құрметті молда


Құраннан алынып қаралған мəселеге қатысты заңдарды ақсақалдарға оқиды, бірақ
ақырғы шешім ханға тасталады. Хан шешімі дереу орындалады. Олардың үкімдері
өлімге бұйырмайды, көбінде дүреге жығу жазасы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет