Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп


Бастапқы құжаттардан алынған ақпарат жүйеленеді және есепке



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата22.02.2024
өлшемі1.06 Mb.
#492876
1   2   3   4   5   6   7
Дәріс-Мемлекеттік мекемелердегі БЕ

Бастапқы құжаттардан алынған ақпарат жүйеленеді және есепке
алу тіркелімдерінде жинақталады
Есеп тіркелімдері - жасалған шаруашылық операциялары туралы
жазбалар бухгалтерлік есеп шоттары бойынша жүйелене отырып, 
хронологиялық тәртіппен жүргізілетін қағаз немесе машиналық ақпарат
тасығыштағы құжаттар
Бухгалтерлік есеп тіркелімдері (регистрлері)


17

Бұл нысанда бастапқы немесе жинақтаушы құжаттардың
деректері бойынша мемориалдық ордерлер жасалады, олар
тіркеу журналына, содан кейін Бас кітапқа жазылады. 

Талдамалы есеп карточкаларда жүргізіледі, оларға
жазбалар бастапқы немесе жиынтық құжаттардың негізінде
жасалады. 

Синтетикалық және аналитикалық шоттардың деректері
бойынша айдың соңында бір-бірімен салыстырылатын
айналым ведомостары жасалады. 

Бухгалтерлік есептің бұл формасы бухгалтерлік процестің
қатаң реттілігімен, бухгалтерлік техниканың
қарапайымдылығымен және қол жетімділігімен сипатталады.
Есепке алудың мемориалдық-ордерлік
нысаны


18
Бастапқы
құжаттар
Мемориальдық
ордерлер
Кассалық кітап
Аналитикалық есеп 
кітаптары
Аналитикалық шоттар 
бойынша айналым 
ведомосттары
«Бас кітап» 
(
синтетикалық есеп)
Баланс
Жазбаларды
салыстыру



Тексерілген және есепке алынған құжаттар операцияларды жасау күні бойынша жүйеленеді және
мемориалды ордерлермен – нысандар альбомының нысандары бойынша жинақтау ведомостерімен
ресімделеді, оларға мынадай тұрақты нөмірлер беріледі:

1-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 381 нысанды кассалық операциялар бойынша
жинақтау ведомосі;

2-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 381 нысанды мемлекеттік мекемелердің
кодтарындағы қаражаттың қозғалысы жөнінде жинақтау ведомосі;

3-мемориалды ордер – 381 нысандар альбомында ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны
бақылау шоты (бұдан әрі - ҚБШ), демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, ақша қаражатын уақытша
орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттағы және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша
бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақша қаражатын есепке алу жөніндегі
жинақтау ведомості; жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ, нысаналы қаржыландыру ҚБШ;

5-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 405 нысанды еңбекақы мен стипендиялар бойынша
есептеу ведомостерінің жиынтығы;

6-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 408 нысанды ұйымдармен есеп айырысу бойынша
жинақтау ведомосі;

7-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 408 нысанды аванстық төлемдер тәртібіндегі есеп
айырысу бойынша жинақтау ведомосі;

8-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 386 нысанды есеп беруге жауапты тұлғалармен
есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;

9-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 438 нысанды ұзақ мерзімді активтердің шығып
қалуы мен орын ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;

10-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 438 нысанды арнайы киім-кешекті және жеке
пайдаланудағы басқа да заттардың шығып қалуы мен орын ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;



11-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 398 нысанды тамақ өнімдерінің кірісі бойынша
жинақтау ведомостерінің жиынтығы;

12-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 411 нысанды тамақ өнімдерінің шығысы бойынша
жинақтау ведомостерінің жиынтығы;

13-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 396 нысанды материалдардың шығысы бойынша
жинақтау ведомосі;

14-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 406 нысанды балаларды қамсыздандыру үшін
ата-аналармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомостерінің жиынтығы;

15-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 409 нысанды айырбасталмайтын операциялардан
кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;

16-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-а нысанды тауарларды (жұмыстарды, 
көрсетілетін қызметтерді) сатудан кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;

17-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-б нысанды активтерді басқарудан түсетін
кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;

18-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-в нысанды өзге операциялар бойынша
кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;

19-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458 нысанды операциялық шығыстарды
есептеудің жинақтау ведомосі;

20-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-а нысанды бюджеттік төлемдер бойынша
шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;

21-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-б нысанды активтерді басқару бойынша
шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;



22-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-в нысанды өзге операциялар бойынша
шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;

23-мемориалды ордер – Нысандар альбомының № 408-ДБ-д нысанының бюджетке түсетін
түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөніндегі дебиторлық берешек жөніндегі жинақтаушы
ведомосі;

24-мемориалды ордер – Нысандар альбомының № 408-КБ-д нысанының бюджетке түсетін
түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөніндегі кредиторлық берешек жөніндегі
жинақтаушы ведомосі;

25-мемориалды ордер – Нысандар альбомының № 381-д нысанындағы республикалық және
жергілікті бюджеттің ҚБШ ақша қозғалысы бойынша жинақтаушы ведомосі;

26-мемориалды ордер – Нысандар альбомының № 409-д нысанының бюджетке түсетін
түсімдерінен кірістерді есептеудің жинақтаушы ведомосі;

27-мемориалды ордер – Нысандар альбомының № 458-д нысанының бюджетке түсетін
түсімдерінің азаюы бойынша шығыстарды есептеудің жинақтаушы ведомосі;

Қалған операциялар және "Сторно" операциялары бойынша Нысандар альбомының 274 нысанды
жеке мемориалды ордерлер жасалады, олар әр ай үшін 28-нен бастап жеке нөмірленеді.

Мемориалды ордерлерге бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.



Барлық мемориалды ордерлер Нысандар альбомының 308 
нысанды "Бас-журнал" кітабында тіркеледі. "Бас-журнал" 
кітабындағы есеп әдетте қосалқы шоттар бойынша жүргізіледі.

"Бас-журнал" кiтабы өткен жылдың бухгалтерлік балансына сәйкес
жыл басындағы сома қалдықтарының жазбаларымен ашылады. 
Онда жазбалар мемориалды ордерлердi жасау шамасына қарай
жүргiзiледi, ал жинақтау ведомостерiнiң мемориалды ордерлерiн 
жасау кезiнде айына бiр рет жүргiзiледi. 

Мемориалды ордердiң сомасы алдымен "Ордер бойынша сома" 
бағанына, содан кейiн тиiстi қосалқы шоттардың дебетi мен 
кредитiне жазылады. Бiр айда айналымдардың сомасы дебет 
бойынша да, кредит бойынша да, барлық қосалқы шоттар
бойынша "Ордер бойынша сома" бағанының қорытындысына тең
болу керек. Бiр айдағы айналымнан кейiн екiншi жолда әрбiр 
қосалқы шот бойынша келесi айдың басындағы қалдық
шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет