Шоттар жоспары-бухгалтерлік есеп
шоттарының жүйелендірілген тізбесі
Бастапқы бес бөлімнің шоттары
бухгалтерлік балансында көрсетіледі.
Алтыншы және жетінші бөлім шоттары
пайдалар мен залалдар туралы есепте
көрсетіледі.
Тоғызыншы бөлім шоттары баланстан
тыс шоттарда көрсетіледі
"Қысқа мерзімді активтер" бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде
жіктелетін мемлекеттік мекемелердің активтерін нақты сомасын және
қозғалысын есепке алуға арналған
1000 "Ақша қаражаты және олардың баламалары";
1100 "Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары";
1200 "Қысқа мерзімді дебиторлық берешек";
1300 "Қорлар";
1400 "Өзге қысқа мерзімді активтер".
"Ұзақ мерзімді активтер" бөлімінің шоттары ұзақ мерзімді ретінде жіктелетін
мемлекеттік мекемелердің активтерін есепке алуға арналған.
2100 "Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары";
2200 "Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек";
2300 "Негізгі құралдар"
2400 "Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар"
2500 "Инвестициялық жылжымайтын мүлік";
2600 "Биологиялық активтер";
2700 "Материалдық емес активтер";
2800 Өзге ұзаұ мерзімді активтер".
"Қысқа мерзімді міндеттемелері" бөлімінің шоттары мемлекеттік мекемелерде
қысқа мерзімді ретінде жіктелетін міндеттемелерін есепке алуға арналған.
3000 - "Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелері";
3100 - "Салық және өзге төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық
берешек";
3200 "Қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
3300 "Қысқа мерзімді бағалау және кепілдік міндеттемелері";
3400 "Өзге қысқа мерзімді міндеттемелері".
"Ұзақ мерзімді міндеттемелер" бөлімінің шоттары мемлекеттік мекемелерде
ұзақ мерзімді ретінде жіктелетін міндеттемелерін есепке алуға арналған.
4000 - "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер";
4100 - "Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек";
4200 - "Ұзақ мерзімді бағалау және кепілдік міндеттемелері";
4300 - "Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер"
"Таза активтер/капитал" бөлімінің шоттары мемлекеттік мекеменің таза
активтері/капиталын есепке алуға арналған.
5000 - "Қаржыландыру"
5100 - "Резервтер"
5200 - "Қаржылық нәтиже"
"Кірістер" бөлімінің шоттары айырбас және айырбас емес операциялардан
алынатын кірістерді есепке алуға арналған.
6000 - "Айырбас емес операциялардан алынатын кірістер"
6100 - "Айырбас операциялардан алынатын кірістер"
6200 - "Активтерді басқарудан алынатын кірістер"
6300 - "Өзге кірістер"
"Шығыстар" бөлімінің шоттары есептелген шығыстарды есепке алуға
арналған.
7000-7100 - "Операциялық шығыстар"
7200 - "Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар"
7300 - "Активтерді басқару бойынша шығыстар"
7400 - "Өзге шығыстар"
"Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар" бөлімінің шоттары өнімді
дайындауға және өндірістік (оқулық) шеберханалар, баспа өнімдерін дайындау мен
қызмет көрсету бойынша, ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды
мемлекеттік мекеменің шарты бойынша эксперименталдық құрылғыларды дайындау
бойынша шығындарды және материалдарды дайындау және қайта дайындау
бойынша шығындарды есепке алуға арналған.
8010 - "Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар" шоты бұйымдарды
жасау, баспа өнімдерін шығару және қызметтер көрсету жөніндегі барлық шығындар,
оның ішінде шикізат пен материалдардың шығыстары, өндірісте жұмыс істейтін
жұмыскерлердің еңбекақылары және әлеуметтік аударымдар, және де өндіріске
қатысты өзге де шығыстар есепке алынады.
Бұл шот төмендегідей қосалқы шоттарды қамтиды:
8011 - "Материалдар", онда өндіріспен байланысты материалдар есепке
алынады.
8012 - "Еңбекақы", онда өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбекақылары
есепке алынады.
8013 - "Еңбекақыдан аударымдар", өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлердің
еңбекақыларынан аударымдар есепке алынады.
8014 - "Үстеме шығыстар", онда алдыңғы шоттар топтарында көрсетілмеген
өндіріспен байланысты шығыстар есепке алынады.
Баланстан тысқары шоттарда мемлекеттік мекемелерде уақытша орналасқан және оған
жатпайтын құндылықтар есепке алынады. Баланстан тыс шоттарда есепке алынған активтер
баланста есепке алынған ұқсас активтер үшін белгіленген тәртіпте және белгілі бір мерзімде
түгенделеді.
Көрсетілген активтер есебін жүргізу үшін келісі баланстан тыс шоттар қолданылады:
01 – "Жалға алынған активтер" шоты. Бұл шотта операциялық жалға алу шарты бойынша
мемлекеттік мекеме жалға алу шартында көзделген құн бойынша қабылдаған активтер есепке
алынады;
02 – "Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау
бойынша төленген қорлар" шоты. Бұл шотта шарттар бойынша ғылыми-зерттеу және
конструкторлық жұмыстарды орындау үшін алынған арнаулы жабдықтарды қоса алғанда,
мемлекеттік мекеме жауаптылықпен сақтауға қабылдаған қорлар, сондай-ақ
орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар есепке алынады;
03 – "Қатаң есептілік бланкілері" шоты. Бұл шотта сақтаудағы және есепке берілетін қатаң
есептілік бланкілері (мемлекеттік мекемелердің фирмалық бланкілері, тамақтануға төленген
талондар, демалыс үйлеріне, шипажайлар мен түристік базаларға төленген жолдамалар,
пошталық маркалар мен мемлекеттік баж маркаларына алынған хабарламалар, еңбек
кітапшалары бланкілері) есепке алынады;
04 – "Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі" шоты. Бұл шотта
борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда оны өндіріп алу мүмкіндігін бақылау үшін
баланстан есептен шығарған, өндіріп алуға үмітсіз деп танылған сәттен бастап бес жыл ішінде
төлем қабілеті жоқ дебиторлардың берешегі есепке алынады. Бұл берешектерді өтеуге алынған
сомалар баланстық шотта қайта қалпына келтіріледі және тиісті бюджеттің кірісіне беру
бойынша мемлекеттік мекеменің бюджет алдындағы міндеттемесі ретінде танылады;
05 – "Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшін оқушылар мен студенттердің
берешегі" шоты. Бұл шотта оқушылар мен студенттердің талап ету мерзімі ішінде олар
қайтармаған киім-кешектері, іш киімдері, құрал-саймандары және басқа да құндылықтары үшін
берешегі есепке алынады;
06 – "Ауыспалы спорт жүлделері мен кубоктары" шоты. Бұл шотта әр мемлекеттік
мекемелер белгілеген және олардан алынатын жеңімпаз командаларды марапаттау үшін
ауыспалы сыйлықтар, тулар, кубоктар есепке алынады. Сыйлықтар, тулар, кубоктар осы
бюджеттік ұйымда тұрған барлық кезеңнің ішінде есепке алынады;
07 – "Жолдамалар" шоты. Бұл шотта қоғамдық, кәсіподақ және басқа ұйымдардан
қайтарусыз алынған жолдамалар есепке алынады. Жолдамалар ақша құжаттарымен бірге
кассада сақталуы керек;
08 – "Әскери техниканың оқулық құралдары" шоты. Бұл шотта тирлерде, спорттық оқ
ататын алаңдарда, оқу орындарының әскери тәртіп кабинеттерінде орналасқан жабдықтар мен
заттардың барлық түрлері есепке алынады;
09 – "Мәдени мұра активтері" шоты. Бұл шотта тарихи ғимараттар және монументтер,
археологиялық қазбалардың орындары, қорықтар және табиғи қорғалатын аумақтар, сонымен
қатар мәдени мұра объектісі ретінде танылған құндық бағалауға ұшырамаған өнер туындылары
есепке алынады;
10 – "Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік" шоты. Бұл шотта "Мемлекеттік
мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының
21-
бабында
көзделген жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүлік құрамына айналдырылған
(түскен) мүлік есепке алынады;
11 – "Оқыту бойынша қызметкерлердің берешегі" шоты. Бұл шотта қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлерінің
оқыту бойынша берешегі есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |