Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата22.02.2024
өлшемі1.06 Mb.
#492876
1   2   3   4   5   6   7
Дәріс-Мемлекеттік мекемелердегі БЕ

Құжат айналымы

Құжат айналымы - құжат жасалған сәттен бастап мұрағатқа
тапсырылғанға дейінгі аралық

Құжаттарды жасаудың, бухгалтерияға ұсынудың және мұрағатқа
тапсырудың мерзімдері мен тәртібін белгілеу мақсатында Бас бухгалтер 
құжат айналымының кестесін әзірлейді, ал басшы бекітеді

Әрбір ұйым үшін құжат айналымының кестесі нақты ерекшеліктерді
ескере отырып әзірленеді

Әрбір құжат бойынша Графикке кіретін бөлімдер:

Құжатты жасау тәртібі

Құжатты тексеру тәртібі

Құжатты өңдеу тәртібі

Мұрағатқа тапсыру тәртібі


Түгендеу

Ұйымның мүлкі мен міндеттемелерінің бар болуын, 
жай-күйін және бағалануын тексеру және
құжаттамалық растау

Анықталған алшақтықтар бухгалтерлік есепте
көрсетілуге жатады

Жылдық қаржылық есептілікті жасау алдында

Материалдық жауапты тұлғалар ауысқан кезде

Мүлікті ұрлау, теріс пайдалану, бүлдіру фактілері анықталған кезде

Дүлей зілзалалар және басқа да төтенше жағдайлар кезінде

Ұйым қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде
Түгендеу міндетті түрде жүргізілетін жағдайлар:


Қаржылық есептілік

Мемлекеттік мекемелер ұсынатын қаржылық есептіліктің
жиыны:

1) ҚЕ-1- нысан – бухгалтерлік баланс;

2) ҚЕ-2 - нысан – қаржылық қызмет нәтижелері туралы
есеп;

3) ҚЕ-3 - нысан – қаржыландыру көздері бойынша
(тікелей әдіс) мемлекеттік мекемлердің шоттарындағы
ақша қозғалысы туралы есеп;

4) ҚЕ-4 - нысан – таза активтердің/капиталдың
өзгерістері туралы есеп;

5) ҚЕ-5 - нысан – қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;

6) ҚЕ-6 - нысан – қайта ұйымдастыру кезіндегі
бухгалтерлік баланс.


Мемлекеттік мекемелерге арналған
бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары

Шоттар жоспары қаржылық есептілік элементтерін
топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге
арналған.

Шоттар жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық
шоттары өтімділігін азайту тәртібімен
орналастырылған және нөмірлерінің төрт саны бар. 

біріншісі - бөлімдерге тиістілігін, 

екіншісі – кіші бөлімдерге тиістілігін, 

үшіншісі – синтетикалық шоттардың топтарына
тиістілігін, 

төртіншісі – қосалқы шоттарға тиісті.


Бөлім
Бөлім атауы
I
Қысқа мерзімді активтер
II
Ұзақ мерзімді активтер
III
Қысқа мерзімді міндеттемелер
IV
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
V
Таза активтер/капитал
VI
Кірістер
VII
Шығыстар
VIII
Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған
шығындар
ІХ
Баланстан тыс шоттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет