1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


 Дəрігердің кəсіби маңызды қасиеттері: аффилиация, эмоционалды



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата23.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492998
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
1. Ïñèõèêàëû ðä³ñòåð òóðàëû òñ³í³ê

9. Дəрігердің кəсіби маңызды қасиеттері: аффилиация, эмоционалды 
тұрақтылық, эмпатия. 
Аффилиация - адамның көпшілікке ынталануы, əрекеттестік қабілеті, 
ұжымдағы кəсіби жігерленуіне себептес болады. Науқас үшін, дəрігердің 
өзіне сенімді, эмпатияға қабілетті болуы өте маңызды боп келеді. Сонымен 
қатар, дəрігер өзінің əріптестеріне, басқа медициналық қызметкерлерге 
эмоциялық қолдау көрсету арқылы олардың өз ісін орындауға қабілеттілігін 
жоғарылатады, əрі жігерлендіреді. 
Басқа адамдармен бірге «болуға», «қосылуға» ұмтылу қажеттілігі.
- дəрігер жұмысына - аффиляция:
- науқастарға қызығушылықпен қарауға көмектеседі;
- оларға көмектесуге ұмтылдырады;
- кəсіби деформациядан, немқұрайлықтан алшақ қылады;


- науқасқа жай емдейтін “объект” деп қараудан сақтайды. 
Эмоционалды тұрақтылық - дəрігерге “психологиялық стрестен”, 
науқастармен қақтығысып қалудан қорғайды. Дəрігердің эмоционалды 
тұрақсыздығы, науқастың оған деген сенімін жоғалтып қана қоймай, оларды 
шаршатады, көңіліне күдік туғызып, тіптіқорқытады. Керісінше, дəрігердің 
бірқалыптылығы мен эмоционалды тұрақтылығы, сабырлылығы науқаспен 
сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. 
Эмпатия - бұл дəрігердің науқас қиындығына ортақтасуы, терең сезінуі, 
науқас күйзелістеріне өзіндік психологиялық тұрғыда “қатысуы” болып 
табылады. Эмпатия үш түрлі компоненттен тұрады:
1. Идентификация механизміне негізделген эмоционалды эмпатия. 
2. Интеллектуалды процестерге негізделген (салыстыру, талдау) 
танымдық эмпатия.
3. Ішкі интуицияға сүйенетін предикативті эмпатия, яғни басқа адам 
туралы көзқарасты болжай алу қабілетінен көрінетін эмпатия. 
Эмоционалды түрде ортақтасу - науқаспен психологиялық контакт орнатуға, 
ол туралы толық, əрі нақты мəлімет алуға, науқасқа жазылатынына деген 
сенімді ұялатуға, науқастың дəрігер кəсібилігіне деген сеніммен қарауына 
көмектеседі; 
Дəрігердің эмпатиясы - науқастың субъективті сезімдерінің, аурудың 
объективті клиникалық сипатына сəйкес келмеген жағдайында көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет