1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


 Темперамент туралы түсінік. Темперамент түрлері жəне олардың



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата23.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492998
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
1. Ïñèõèêàëû ðä³ñòåð òóðàëû òñ³í³ê

10. Темперамент туралы түсінік. Темперамент түрлері жəне олардың 
сипаттамалары. 
Темперамент - жеке адамның биологиялық фундаменті, оның туа пайда 
болған қасиеті. «Темперамент» терминінің (латынша «дұрыс араласу» деген) 
қолданылуы көне замандағы Гиппократ жəне оны қолдаушылардың аңқау – 
материалисті түсінігімен байланысты. Олардың түсінігі бойынша адамдар 
темпераменті организмге бір сұйықтың араласу арқасындағы 
басымдылығымен байланысты. Мысалы, қан (сангвис), мидан бөлінетін 
шырыш (флегма), буырдан бөлінетін өт (холе) жəне көк бауырдан (талақтан) 
бөлінетін өт (мелане холе). И.П.Павлов тəжірибе жүзінде темпераменттің 
физиологиялық негіздерін зерттеді. 
Темперамент - əрбір жекс адамның жалпы мінездемесі, əр адамның қызмет 
ерекшелігін туғызатын нерв жүйесінін негізгі мінездемесі. 


Холерик темпераментті адамдар - ұмтылу ерекшелігі, тасқындаған 
эмоционалды қайғылары, көңілінің жылдам ауысуы, ұшқалақтығымен көзге 
түседі. 
Сангвиниктер - жылжымалы, эмоция көңіл құбылмалы қиыншылық пен 
сəтсіздікті оңай жеңгіш, жылы жүзді, ширақ жəне көпшілікті. 
Флегматиктер - баяу жəне байсалды. Олардың қайғыларының сыртқы 
көрінісі бай емес. Көніл ауысуы жылдам болмайды. Олар қадалғыш жəне өзін 
өзі еркін билейді. И.П. Павлов бойынша бұлар «өмірдің қажымайтын 
еңбекқорлары». 
Меланхоликтер - белсенділігі төмен, шаршағыш, қайғысының ауырлығына 
қарамай сырт жағынан байсалды. Олар үялшақ, қорқақ, батылсыз, оңай 
жарақаттанғыш, көңіл ауысуы жай. 
Гиппократ темпераментінің төрт типі адамдар мен жанауарлар жоғарғы нерв 
қызметінің типтерімен ұқсас. И.П. Павлов орталық нерв жүйесінің типтерін 
бөлгенде ми қыртысындағы қозу мен тежеу қүбылыстарын еске алды. Нерв 
құбылыстарынын күшіне, жылжымалылығына жəне тепетеңдігіне 
байланысты жануарларды ол төрт типке бөлді: қозу үрдісі басыңқы, күшті 
үстамсыз; күшті жылжымалы тепе-тең, тежеу үрдісі басыңқы күшті тежеу 
жəне тежеуі басыңқы əлсіз. Психологиялық түрғыдан Гиппократ бөлген төрт 
топты Павловтың жоғарғы нерв қызметінің төрт типімен салыстырса, 
олардың ортақтығы білінеді. 
Холерик - күшті ұстамсыз, сангвинник - күшті жылжымалы тепе-тең, 
флегматик - күшті тежеу, меланхолик- əлсіз типке сай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет