адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі.
XIX ғасырда француз
ғалымы А. Бен мінезді тек психолгиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы
мен сезімінің жəне ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді
сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі əрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік
қасиет деді.И.Кант мінезді темперментпен салыстыра отырып, оны адамда
жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық
қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын
ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын
икемделу десе, ал Малапер, Фулье т.б. мінездің туа пайда болумен қатар жүре
пайда болумен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан
мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген
пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге
дейін өзара талас – тартыс туғызып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: