205
108-сурет. Орталық Америка жағалауындағы тропиктік циклон
Тропиктік
циклондар көбінесе, шығыстан батысқа қарай баяу
жылжитын, əлсіз депрессиялар түрінде болады. Бірақ кей жағдайда
тропиктік құйындар күшейіп, жел жылдамдығы 20 м/с жəне одан да
жоғары болады.
Диаметрі бірнеше жүз километрді құрайтын күшті дауылдар
(тайфун, ураган) екі жарты шардың 20
о
солтүстік жəне 5
о
оңтүстік
ендіктері
аралығында пайда болып, Тынық, Үнді жəне Атлант
мұхиттары жағалауларын бойлай таралады (
108-сурет).
Сары теңіз бен Филиппин аралдары маңында қалыптасатын ци-
клондарды
тайфундар деп атайды. Атлант мұхитында Кариб алабы
мен Жасыл Мүйіс аралдары маңында пайда болатын циклондардың
жергілікті атауы –
ураган. Үнді мұхитында Аустралияның солтүстік-
батыс жағалауы мен Кокос аралдары
аралығында пайда болатын
циклондар
вилли-вилли деп аталады. Тропиктік циклондардың
қайталану максимумы əрбір жарты шардың жаз жəне күз айларына
сəйкес келеді. Оңтүстік Азияда циклондар көктем мен күз айларын-
да жиі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: