Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ақшыл түс – мұздықтың еру ауданы; Қара түс – мұздықтың қалың



Pdf көрінісі
бет157/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Ақшыл түс – мұздықтың еру ауданы; Қара түс – мұздықтың қалың 
ауданы.
115-сурет. Антарктида мен Гренландия мұздықтарының өзгеруі
Осындай климаттың ғаламдық өзгерістеріне нақты дəлел бола-
тын Эль-Ниньо құбылысы шамамен 4-6, 12-15 жыл аралатып, Тынық 
мұхитының Перу суық ағысы өтетін Оңтүстік Америка жағалауында 
қайталанады. Атмосферадағы циркуляциялық əрекеттің өзгеруінен 
пассат желдерінің бағыты жағалаудан ашық мұхитқа қарай ауытқиды. 
Бұл жағдайда Перу суық ағысының ықпалы əлсіреп, оның орнын эк-
ватор маңынан келетін жылы ағыстар басады. 
Бұл құбылыс желтоқсан-қаңтар айларындағы Рождество 
мерекесіне тұспа-тұс келетіндіктен, жергілікті халық оны «Эль-
Ниньо», яғни Рождество кезінде туған «нəресте» деп атаған. Бұл 
құбылыстың қазіргі климатқа тигізетін əсері кейде тіпті, жойқын, 
апатты құбылыстарға себепші болады. 
«Эль-Ниньо» əрекет еткенде дауылдар күшейіп, жиілейді, биік 
толқындар пайда болады. Жер шарының көптеген аудандарында 
температура мен жауын-шашын көрсеткіштері өзгереді. ХХ ғасырда 
«Эль-Ниньо» сегіз рет қайталанған. 1982 жəне 1997 жылдары болған 
құбылыс осы ғасырдағы ең апатты сипат алған. Əсіресе, соңғы 
қайталануында 4 мыңнан астам адам опат болып, мыңдаған адам бас-
панасыз қалды, материалдық шығын 20 млрд долларға бағаланды. 
«Эль-Ниньо» əсерінен Жаңа Гвинея арқылы өтетін пассаттық 
циркуляция шығысқа қарай жылжып, экватор маңындағы аралдарда 
наурыз бен қыркүйек аралығында жаңбыр мүлде жаумаған. Соның 
нəтижесінде бұл аудандарды бұрын-соңды болмаған құрғақшылық 
жайлап, ал таулы аудандарды бұлттардың түзілмеуінен болған түнгі 


220
үсіктер шалған. Бұл ауылшаруашылығына елеулі нұқсан келтірді, 
сол себепті мыңдаған адамдар қоныс аударуға мəжбүр болды. 
«Эль-Ниньоның» əсері əсіресе, Америка жағалауларында 
күштірек байқалды. Беткі судың температурасының 5
0
С-ге дейін 
жоғарылап, ол көптеген салқын суда тіршілік ететін көптеген теңіз 
организмдерінің жаппай қырылуына жəне суық сулы аудандарға 
ығысып кетуіне себепші болды. Атакама жағалауындағы шөлдік 
климат уақытша ылғалды экваторлық сипатқа ауысады.
Климаттық жағдайдың ұзақ мерзім аралығындағы ауытқуы 
материктер мен мұхиттардың гипсометриялық деңгейлерінің жəне 
олардың арасалмағының өзгерісіне де байланысты болуы мүмкін.
Атмосфераға табиғи жолмен де, антропогендік жолмен де 
шығып, жинақталып жатқан шаң-тозаңдар мен түрлі газдар күн 
сəулесінің өтуіне кедергі жасап, жер бетінің салқындауына ықпал 
ететін болса, уақыт өте келе бұл газдар атмосфераның жаппай жы-
лынуына да себепші болуы мүмкін.
Климаттың жалпы жылынуы мұздықтардың біртіндеп еруіне,
қар сызығының жоғарылауына əсер етеді. Бұл өз кезегінде 
Дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуіне, су тасқындарының жиі 
қайталануына себепші болады. 
Егер Жер шарындағы орташа ауа температурасы 10С 
жоғарыласа, Дүниежүзілік мұхиттың деңгейі 16 см көтеріледі. 
Соның əсерінен мұхит жағалық жазықтарының ойпатты 
бөліктерін су басуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет