Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тау жыныстарының салыстырмалы жасы



Pdf көрінісі
бет256/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Тау жыныстарының салыстырмалы жасы – олардың табиғи 
жағдайдағы бір-бірімен қарым-қатынасына, белгілі бір ортада 
алатын орнына қарай анықталады.
Тау 
жыныстарының 
салыстырмалы 
жасын 
палеонтологиялық əдіспен анықтау – ерте кезеңдерде өмір сүрген 
жəндіктер (фауна) мен өсімдіктер (флора) дүниесінің, олардың 
ішінде тек жетекші түрлерінің сақталған қазба қалдықтарын 
зерттеуге негізделген.
Тау жыныстарының абсолюттік жасы абсолюттік 
геохронология радиологиялық əдістердің көмегімен, яғни тау 


400
жыныстарының құрамында кездесетін радиоактивтік элементтердің 
(уран, торий, рубидий, калий, көміртек) ыдырау заттарын (U
238
, U
235

Th
232
, Rb
87
, K
40
, C
14
) зерттеу арқылы анықталады.
Тау жыныстарының үгілуі – ауаның, су мен тірі организмдердің 
əсер ету нəтижесінде жер бетіндегі минералдар мен тау 
жыныстарының бұзылып, ыдырауы.
Тарихи əдіс – табиғаттың дамуының уақыт бойынша өзгерістері 
мен өзара байланысын, олардың себеп-салдарын талдауға 
бағытталған палеогеографияның əдіснамалық негізі.
Тектоникалық қозғалыстаржер қыртысының тұтастығын 
бұзып, жер қойнауының кейбір аудандарында қысым шамасының ке-
неттен төмендеуіне əкеліп соғатын қозғалыс. Олардың нəтижесінде 
магмалық ошақтар пайда болады.
Тектоносфера – астоносфера мен литосфераның жиынтығынан 
құралатын Жердің сыртқы қабығы. Олардың өзара əрекеті 
нəтижесінде жер қыртысындағы басты тектоникалық жəне магмалық 
процестер жүзеге асады. Олардың белсенділігі мантия мен ядродан 
келетін ішкі энергия есебінен артуы мүмкін.
Теңіз террасалары - тектоникалық қозғалыстар əсерінен то-
лассыз жоғары көтерілуімен, климат өзгерістерінің жəне су деңгейі 
тербелістерінің ұдайы көрініс беруінен, толқындар əрекетінің 
нəтижесінде теңіз жағалауында сатыланып қалыптасқан жазық жер 
бедері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет