401
факторлардың (ауа, су, организмдер) əсерінен өзгерістерге ұшыраған
магмалық, метаморфтық жəне шөгінді
тау жыныстары есебінен
қалыптасқан жəне сол орнынан қозғалмай сақталып қалған үгілген
тау жыныстардың жиынтығы.
Уранды-иондық талдау – дəл уақытты белгілеуде уран
теңсіздігіне негізделетін əдіс. Неғұрлым нақты нəтижелер алу
үшін құрамында биоорганикалық карбонаттары
бар теңіз маржан
полиптері мен былқылдақ денелілердің бақалшақтары пайдала-
нылады Бұл əдістің негізіне теңіз суында уран мен оның айырылу
өнімдерінің радиоактивті теңесуіне кеткен уақыт өлшемі алынады.
Үстірт (плато) –
француздың plateau деген сөзінен шыққан,
жазық бағытта жатқан тау жыныстары қабаттарынан құралған, тегіс
бетті қыратты жазықтар.
Ішкі геосфералар – Жердің ішкі қойнауы: сыртқы – жер қыртысы,
аралық-мантия, орталық – ядро сияқты үш қабатқа бөлінеді.
Фация (лат.
facies –
бет-бейне)
–
тау жынысы қабаттарының
бір-бірінен литологиялық жəне палеонтологиялық ерекшеліктері
арқылы ажыратылатын бөлігі. Фациялық талдау ежелгі географиялық
жағдайды қалпына келтіруде актуализм принципіне негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: