Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Ортағасырлық географиялық зерттеулер



Pdf көрінісі
бет9/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

1.2. Ортағасырлық географиялық зерттеулер
Ортағасырлық географиялық зерттеулер кезеңі ІV-ХV ғасырлар 
аралығындағы Ежелгі Римнің құлдырауынан Ұлы географиялық 
ашылуларға дейінгі адамзат тарихи қоғамындағы түбегейлі 
өзгерістермен тұспа-тұс келеді. 
Ортағасырлық кезең географиялық тұрғыдан екі деңгейге ажа-
ратылады. Біріншісі – Ерте ортағасырлық кезең деп аталады, ІV-
ХІ ғасырлар аралығын, ал екіншісі – ХІІ-ХV ғасырлар аралығын 
қамтиды. 
Ерте ортағасырлық кезеңде географиялық зерттеулер өз 
деңгейінде жүргізіле қойған жоқ. Оған басты себеп ғылым мен 
білімнің дамуына феодалдық қатынастар мен діни қақтығыстар өз 
кедергісін тигізді. 
Антик кезеңінде қарқын алып дамыған географиялық жаңалықтар 
біртіндеп көмескіленіп, ұмытыла бастады. Саяхатқа шығу негізінен 
тек діни орындарға тағзым жасау, құлшылық ету мақсатында ғана 
жүргізілді. Қасиетті құлшылық орындары орналасқан аймақтар ту-
ралы қысқаша мағлұматтар ғана жаңа географиялық ақпараттардың 
негізгі көзі болып табылады.
Осы кезеңдегі географиялық жаңалықтардың басым көпшілігі 
араб ойшылдары мен саяхатшыларының үлесіне тиесілі. 


13
ІХ ғасырда араб ғалымы Якуби жазған «Елдер кітабы» сол кезең 
үшін географиялық анықтамалық қызметін атқарды. Ол ұзақ жыл-
дар Египетте тұрған, Үндістан жеріне саяхат жасаған. Өз заманында 
«араб географиясының атасы» деген құрметті атаққа ие болған.
Географиялық құбылыстарды математикалық жолмен түсіндіруде 
Отырар қаласынан шыққан атақты ғұлама ғалым Əбу Насыр əл-
Фараби (870-950 ж.) еңбектерінің мəні зор. Ол күн сағатын жасап, 
уақыт өлшемін анықтауға, математика көмегімен қалалардың дəл 
орнын анықтауға, географиялық бағытты дəл ажыратуға қажетті 
ғылыми мағлұматтар берді.
Араб саяхатшысы Ибн Фадлан 921-922 жылдары Орта Азия
Үстірт, Каспий маңы ойпаты Волга (Еділ) бойымен Қазан қаласы 
маңына дейін жүріп өтіп, жолсапарында кездескен нысандар мен 
көпшенді халықтардың тұрмыс-тіршілігін түгелдей сипаттап жазған. 
ХІ ғасырда əл-Бируни Орта Азия, Үндістан, Непал жерлерін 
аралап, көптеген географиялық еңбектер қалдырған. Оның 
картографиялық мұраларының да маңызы зор. 
Араб саяхатшысы Əбу Абдалла Мұхаммед ибн Баттута (1304-
1377 ж.) өмірінің 24 жылын үздіксіз саяхаттар жасауға арнаған, Тан-
жер қаласынан (Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін, 
Қырым, Ресей, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Қытай, 
Индонезияда болған. Сахараны кесіп өтіп, Тумбукту қаласына 
дейін барған. 1350 жылы Пиреней түбегіне саяхат жасаған. Сая-
хат барысындағы ой-түйіндерін кітапқа түсіріп, ол туындысы сол 
замандағы ең таңдаулы географиялық еңбек деп бағаланған.
ХІ ғасырда өмір сүрген тегі түркілік, бірақ араб ғалымы деп са-
налатын Махмуд Қашғаридің географиялық жəне картографиялық 
еңбектерінің теориялық та, қолданбалы да мəні өте жоғары.
Араб ғалымдары ішінен əл-Идриси (ХІІ ғасыр) жасаған 
карталардың маңызы зор. Ол картада Скандинавия жері, Балтық, 
Қара жəне Каспий теңіздері, Байкал, Ладога, Онега көлдері, Алтай 
Тибет сияқты таулар берілген.
ХІІІ ғасырда моңғол шапқыншылығының күшеюі Батыс Еуропа 
елдерінің моңғол хандықтарымен байланысты жақсартуға мəжбүр 
болуына əкелді. Бұл мақсаттағы алғашқы сапарға француз монахы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет