Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет6/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

    Бұл бет үшін навигация:
  • Фалес
1-ТАРАУ. ЖЕР ШАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1. Антик кезеңіндегі географиялық мəліметтер
География – өте ежелгі ғылым саласы, алғашқы географиялық 
ұғымдардың жинақталуы адамның өзін қоршаған мекен ортасын 
танып-білуінен бастау алады. Сонау тас дəуірінің адамдары өздері 
мекен ететін ортаның екінші бір жермен ұқсамайтындығын, ондағы 
табиғи жағдайлардың түрліше екендігін байқап білген. Өз ортасын 
танып-білу барысындағы көргендерін тасқа, ағаш қабығына, жер 
бетіне сызып, белгі қалдырып отырған.
Алғашқы географиялық түсініктердің жинақталуы жазудың 
пайда болуымен байланысты қарқын ала бастады. Географиялық 
алғашқы мəліметтер шығыстың жазба деректерінде кездеседі.
География ғылымының дамуы адамзаттың тарихы мен 
мəдениетінің дамуымен, тұрмыс тіршілігімен, қоршаған ортасын 
тереңірек тануға ұмтылысымен тығыз байланысты. Теңізде жүзу 
мен сауданың дамуы құрлық беті мен теңіз жағалауын сипаттап жазу 
қажеттілігін арттырды.
Географияның ғылым ретінде қалыптасуын Ежелгі Грекия 
мемлекетімен байланыстырады. Шындығында да Ежелгі Грекияның 
табиғат философиясында географияның ғылым ретінде дамуына 
қозғау болатын тұжырымдамалардың негізі қаланды. 
Гректердің мекен ортасы – Жерорта теңізі жағалауындағы 
Балқан түбегі табиғи ортаның өте күрделі құрылымды болуы-
мен ерекшеленеді жəне теңіз арқылы көршілес елдермен сауда 
қарым-қатынасын жасау қажеттілігі де географиялық білімге деген 
құлшынысты арттырды.
Осы кезеңдегі ежелгі ғылым мен мəдениеттің ошақтары болып 
саналатын – Месопатамия, Мысыр мен Парсы жері, Карфаген
Ежелгі Грекия мен Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс 
жорықтары нəтижесінде жаңа географиялық деректер қарқынды 
түрде жинақтала бастады. 
Əсіресе Грекия оқымыстыларының (Фалес, біздің заманы-
мыздан бұрынғы VІІ-VІ ғасыр; Анаксимандр, б.з.б. 610-547 ж.;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет