18
кете алмаймыз.Этнографияның негізінде рухани мәдениет атты тамыры тереңнен тартар
ұғының жатары хақ.Біздің ұлт өзіміз дәстүрлі мәдениетін ұмытпай өрісін
тарылтпай,жалғастығын үзбей оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғай келе жатқан текті халық.Бұл
санатқа халқымыздың бұрынғы наным-сенімдерін, салт-дәстүрлерінен мол мағұлмат берер
ертедегі
қалыптасқан
айға,күнге,отқа,сондай-ақ
әртүрлі
табиғи
құбылыстарға
табынғандығы жөніндегі аңыз-әңгімелер, дүниенің таңғажайып жұмбақты сырларына
бойлар
жыр-дастандарын,әдет-ғұрыптарын,салт-дәстүрлерін,
батырлық,ғашықтық
жырларын,мақал-мәтелдерін,халқымыздың астрономиялық көзқарастарын, ән ,күй, би
және сол
туралы аңыз-әңгімелерін, тұрмыс-салт жырларын т.б жатқызуға болады.
Этнография-белгілі бір халықтың шығу тегін,даму жолындағы бел-белестерін,
тарихы
мен
мәдениетін,тұрмыс-салты
мен
ғұрып-әдетін,сондай-ақ
өзіндік
өзгешеліктерін,бір сөзбен айтқанда, сол халықтың материалдық және рухани мәдениетін
зерттейтін ғылым. Қазақ этнографиясын зерттеу-сақ,ғұн,үйсін,қаңлы,түркі тайпалары
жөніндегі көне жазбалардан бастау алады.Сондай-ақ ежелгі түркі халықтарына ортақ
кезеңмен атап айтқанда,VI-VIII ғ.тән Орхон-Енисей тас жазбалары,Х-ХІғ, «Оғызнама»
жыры, «Қорқыт ата» кітабы,Х-ХІVғ түркі дүниесі
ғұламалары Әл-Фараби,Жүсіп
Баласағұн,Махмұт Қашқари, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири еңбектері,
«Қыпшақ тілі сөздігі» т.б құнды еңбектер ұлтымыздың болмысын тануға мол мүмкіндік
беретіні жәдігерлерміз. Салт-дәстүр дегеніміз-- атадан балаға жалғасып отыратын
тұрмыстық, әлеуметтік ұстанымдар. Ешбір заңда,ешбір кодексте жазба түрінде
көрсетілмегенімен халық оларды бұлжытпай орындауға тырысады. Өйткені кез келген адам
үшін дәстүрлік тәлімдердің пайдалы жақтары өте көп. Дәстүр-адамдардың іс-
әрекеттерін,өмірлік көзқарастарын, рухани болмыстарын реттеу мәселесінде негізгі рөл
атқарып,тәрбие негізін қалауға көмектеседі. Негізінен салт-дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен
кезеңдерден қалған, оның ең озық түрлері,ырым-жоралары, кәде-рәсімдері кіреді.Кез
келген дәстүр белгілі бір заманда өзінің өмір сүру заңдылығына толық ие болғаннан кейін
ғана әрмен қарай жалғасын тауып,келер қоғамнан түрақты орын алады.Демек,біздің қазіргі
қоғамда қолданылып жүрген қазақтың әдет-ғұрыптары мәңгілік өмір сүру құқығын алған
салт-дәстүрлер деп айтуға толық негіз бар.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері ата-бабаларымыздың тіршілік кәсібіне,наным-
сеніміне,дүниетанымына орай туындап отырған.Оларды қоғамдағы
атқаратын қызметіне
қарай отбасылық және қауымдық-әлеуметтік. дәстүрлер деп үлкен екі топқа бөлуге болады
Отбасылық дәстүрлерге баланың өмірге келуі,ер жетуі,тәрбиесі,келін түсіруі,қыз
ұзату,өлім-жетім т.б жатады. Ал қауымдық-әлеуметтік дәстүлерге ауыл болып өткізетін
әдет-ғұрыптарды жатқызуға болады.Мысалы, Наурыз мерекесі,діни мейрамдар ,ас беру т.б
жатады. Негізінен қазақ салт-дәстүрлерін отбасылық және қауымдық-әлеуметтік деп бөлу
шартты түрде ғана.Себебі отбасылық дәстүрлер мен қауымдық-әлеуметтік жоралғылар
көбіне өзара астасып,араласып жатады.Көп жағдайда отбасылық дәстүрлер кейде қоғамдық
сипат алады.Ал керісінше бүкіл қауым атқаратын дәстүрлер әр отбасында көрініс табады.
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі нұсқаларынан бастау алатын қазақ отбасы
фольклорының тарихы-тамырын тым тереңнен тартады.Олардың ішінде отбасылық әдет-
ғұрыптар,салт-дәстүрлер жөніндегі этнографиялық деректер өз алдына бір төбе.Өйткені
көне деректердің тереңіне бойлаған сайын этнографиялық деректер мен фольклорлық
үлгілердің арасына шек қоюдың өзі қиындап,бір-бірінен
ажырамастай тұтас құбылысқа
айнала береді. Бұл,әсіресе,отбасы фольклоры тәрізді кіндік бауы халықтың тұрмыс-салтына
берік байланған жанрлық түрлерге тән өзекті ерекшелік. Яғни,ғұрып фольклорының
жанрлық түрлерінің қай-қайсысы бомасын халықтың тұрмыс-салтымен біте қайнасқан
құрыштай құрылым. Фольклорлық шығармалар тұрмыстық ғұрыпты қолдап,демеп
отыратын қосалқы дүние ғана емес,ол сол тұрмыстық ғұрыптың қалыптасу кезеңдерінде
бірге өріліп,оның ішкі ділін сөз өрнегіне сіңірген бірінсіз бірін толық тануға бомайтын
тұтас әлем. Сондықтан да, фольклорлық шығармаларды тек сөз өнері ретінде ғана
емес,этнография ғылым ретінде қарастыру әлемдік тәжірибеде орныққан үрдіс.
19
Егер отбасы фольклоры ұғымын кең мағынасында алсақ,оған
отбасында
атқарылатын ғұрыптарға байланысты сөзбен өрнектелген поэзиялық,прозалық,драмалық
шығармалардың барлығын енгізуге болады.
Біз бұл жерде адамның тууы ,үй болуы мен дүниеден өту кезінде атқарылатын
ғұрыптарға қатысты орындалатын өлең жырларды ғана атауға болады.Оны жалпы
фольклортану ғылымында «отбасылық ғұрып» фольклоры деп танылады.Бұдан термин
мазмұнына орасан нұсқан келе қоймайды.Сондықтан фольклортанудың өң бойында екі
атау алмасып қолданылып отырады.
Бүгінгі алқалы жиын,кешегімізді тірілтіп,бүгінімізге
қанат бітірер,болашағымзға
сенім ұялатар тарихи тағылымдарымыз,ұрпақ санасын бекітіп ұлт болмысын тәрбиелер
ақиқаттарымыздың бір парасы және өзін-өзі тани отырып,даму мен өрістеудің жаңа
кезеңіне аяқ басқан қазақ есімді халықтың мәңгілік ел болу жолын айшықтар,айғақтар
беделдеріміз мен белгілеріміздің мәні боп қалмақ.Салт-дәстүр тәрізді ұлттық
құндылықтарымыздың қалпын бұзбай,ұлт санасы мен ойына кең өріс ашу- бүгінгі Сіз бен
Біздің ортақ міндетіміз,ұрпаққа жүктелген тарих аманаты.
Келер заманға шаңырағы
шайқалмай,ілгері-кейінді дәуірлердегі жиғаны мен тергенін шашпай-төкпей жеткен
бабаларымыз бен даналарымыз аманат еткен ұлттың ұлт байлығын сақтау,жетілдіру ортақ
парыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Құрастырған С.Әжіғали-
Алматы «Арыс» баспасы,2006.-416 б
2. Қазақ
этнографиясы.
Құрастырған:З.Сәнік,Ж.Зейноллақызы-Алматы
«Ан
Арыс»баспасы,2016-576 б
3. Әбубәкір Диваев Тарту. Құрастырған:Ф.Оразаева-Алматы:Ана тілі,1992-256 б
4. Қазақ салт-дәстүрлері. Құрастырған:Ә.Тауұлы-Алматы «Балауса» баспасы 2017-
384 б
5. Қазақ
отбасы
фольклоры.
Құрастырған:
К.Ісләмжанұлы.Моногрфия-
Алматы:Арыс баспасы,2007-332 б
6. Мұхтар Арын. Бес анық,, Ақтөбе 1994ж
7. Г.Болатова Салт жырларындағы тәрбиелік үрдістер, Алматы, Рауан, 1997 ж.
8. Д.Ж.Айдаров Діл және дәстүр-Алматы:Дайк-Пресс, 2010-344 б
Достарыңызбен бөлісу: