Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Ӛндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және



Pdf көрінісі
бет25/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Ӛндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және 
психопрофилактика 
Ӛндірісте психипрофилактика міндеті психикалық патология, оның 
ішінде кәсіби патологияны болдырмауға бағытталған жҧмыстар жҥргізу болып 
табылады. Кәсіби аурулар ӛндірістің зиянды әсерінен дамиды. Зиянды ӛндірістік 
факторлар туралы айтқан кезде ӛндірістік ортаның немесе еңбек процестерінің 
адам организміне зиянды әсер тигізуі туралы айтылады.
Кәсіби аурулар спецификалық және спецификалық емес болып бӛлінеді. 
Абсолютті спецификалық аурулар тҧрмыста кездеспейтін, тек ӛндірістік 
жағдайда дамитын аурулар болып табылады. Айқын психопатологиялық 
симптомдармен сипатталатын абсолютті спецификалық кәсіби аурулардың 
арасында вибрациялық ауру мен мырышпен созылмалы улануды атап ӛтуге 
болады. Салыстырмалы спецификалық аурулар деп жиі ӛндірісте кездесетін, 
бірақ кей жағдайда тҧрмыстық жағдайда диагностикаланатын ауруларды 
айтамыз. 
Психикалық 
бҧзылыстармен 
сипатталатын 
салыстырмалы 
спецификалық кәсіби ауруларға сәуле ауруын, қорғасынмен, сынаппен, 
мышьякпен, пестицидтермен және басқада заттармен улануды жатқызуға болады. 
Спецификалық емес ауруларға, мысалы, невроздар, жҥйкелік-психикалық 
бҧзылыстармен сипатталатын гипертониялық ауру және басқа да, мысалы, 
конвейрде жҧмыс істейтін, қалалық транспортта қызмет істейтін, жолаушылар 
тасымалдайтын электропоездарда машинист болып істейтін, яғни эмоциялық 
жҥктеме кӛп тҥсетін орындарда жҧмыс істейтін адамдарда кездесетін ауруларды 
айтады. Мҧндай нозологиялық формалар кәсіби факторлардан тыс жерлерде де 
кездеседі. Кәсіби ауру деп атау ҥшін, олар белгілі бір ӛндіріс жағдайында, нақты 
ӛндірістің зиянды әсерлерінен дамыған болуы керек. 
Кәсіби аурулармен ауыратын азаматтарға заң жҥзінде арнайы кӛңіл бӛлініп, 
жеңілдіктер кӛрсетіледі.
Қолайсыз ӛндірістік жағдайлардың әсерінен асқынулар немесе алғашқы рет 
кәсіби емес ауралар пайда болуы мҥмкін. Ӛндірістік зияндылықтан туатын 
биохимиялық, тамырлық, вегетативтік және басқа да патологиялық ӛзгерістер 
(вибрациялық ауру, улану және басқа да тізімде аталған кәсіби аурулар кезінде) 
атеросклероз, жҥрек ишемиялық ауруы, миакард инфарктысының ерте дамуына 
ықпал етеді, бҧл жағдайда олар кәсіби ауруларға теңестіріледі. Шығу тегі кәсіби 
қызметке байланыссыз айқын немесе жасырын патология организмнің кәсіби 
зияндылықтарға сезімталдығын жоғарылатып, оны жайсыз ӛндірістік ортаға 
тӛзімсіз етеді. Осылайша, кәсіби патологияны ауырлататын, оның ағымын және 
нәтижесін нашарлататын, психоорганикалық синдром және ақыл кемістігі сияқты 
психикалық бҧзылыстардың пайда болуын жеңілдететін аурудың бірі –
алкоголизм. Сонымен қатар, бҧрын ми шайқалуы сияқты жарақат алған дені сау 
адамдарда, жҥргізуші мамандығын ерте алған жағдайда бірнеше айдан кейін (2-3 
айдан кейін) оптика-вестибулярлы бҧзылыстар пайда болады, бҧл бҧзылыстар 
осы қызметті тастағаннан кейін жойылып кетеді. Осындай ӛзгерістер эндокриндік 
бҧзылыстармен, эмоциональды қозғыш адамдарда да кездеседі. Осы тәріздес 


~ 49 ~ 
мәліметтер жҥргізуші мамандығын алуға қарсы кӛрсеткіштер қатарына 
анамнезінде бас-ми жарақатының немесе эмоциялық тҧрақсыз эндокрино-
вегетативтік патологияның болуы болып табылады. 
Кәсіби зияндылықтар физикалық, химиялық және биологиялық болуы 
мҥмкін. Қазіргі замандағы кҥрделі ӛндірісте жағымсыз ӛндірістік факторлардың 
біріктірілген әсерлері кездеседі. Айтар болсақ, химиялық заттармен жоғарғы 
температура жағдайында жҧмыс істеу тек организм қызуының кӛтерілуімен ғана 
қаупі емес, сонымен қатар кейбір қосылыстар улылығының жоғарлауы да қауіпті 
болып келеді. Осылайша, организм қызуы кӛтерілген кездегі гипервентиляция 
удың организге кӛп енуіне себеп болады. Интоксикация ауыр физикалық жҧмыс 
жасау ҥстінде (гипервентиляция, қан айналымың жылдамдауы) кҥшейеді, 
мысалы, биік таудағы жҧмыс. Осындай жағдайда ауадағы улағыш газдың кішкене 
мӛлшері болсын (мысалы машинадан шыққан газ) сана шатасуымен, 
психимоторлы қозу немесе кома сияқты улану жағдайын шақыруы мҥмкін, 
кейде ӛліммен аяқталып, немесе деменцияға әкеліп соқтырады.
Осылайша психопрофилактикалық жҧмыстарды жоспарлау ҥшін, оларды 
ҧйымдастыру және іс жҥзіне асыру ҥшін патология туралы, оның себептерін және 
оларды болдырмас ҥшін жасалатын шаралар жӛнінде жетік білім керек. Ӛндірісте 
психопрофилактика, кәсіби аурулардың жалпы профилактикасы негізінде 
дамиды, ол ҥш бағытта болады 
1. Заңды шаралар 
2. Санитарлық – техникалық жҧмыстар
3. Кәсіби зияндылықтарға организмнің тҧрақтылығын жоғарылату ҥшін 
жҥргізілетін жҧмыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет