«Жалпы дәрігерлік практика №1» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет23/104
Дата01.03.2024
өлшемі2.37 Mb.
#493589
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104
httpsp.ayu.edu.kzdocuments381fff9a-d6f3-4442-ba5a-dde093b84338 Кардиол20клинжағ-сит-20212021.04.21.pdf

Клиникалық жағдай №10 
47 жастағы жұмысшы әйел стационарға келесi шағымдармен түстi: 
субфебрильдi қызба, бел аймағының оң жағының басым сыздап ауырсынуы, 
аузының құрғауы, кiшi дәретке жиi баруы, басының мезгiл-мезгiл ауруы. 
Анамнезiнен: бала кезiнде несеп жолдарының инфекциясы/жедел 
пиелонефритпен ауырған, күйеуге шыққан соң, несепке барғанда кесiп 
ауырсыну пайда болған, анализiнде белок пен лейкоциттер анықталған. 
Шөптердiң тұнбаларымен емделген. 
Соңғы 5 жылда кезеңдермен белi ауырып, несепке отырғанда кесiп 
ауырсынулар, несепке тәулiгiне 10 шақты рет баруы мазаласа да, өздiгiнен 
бұлаулар жасап, ампициллин iшiп жүрген. Соңғы өршуi 3 апта бұрын 
басталған. 


29 
Об-тi: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терi жамылғылары қуқыл. 
Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүректiң сол шала тұйық дыбыс шегi сол 
бұғана орта сызығында. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖЖС 78 
минутына, АҚ 170/105 мм сын. бағ. Пульсi 70 мин., кернеуi жоғары. lшi 
жұмсақ, ауырсынусыз. Қағу симптомы оң жағында оң. 
Қан анализiнде: эр. 4,5х10
12
/л, Нв 110 г/л, ТК 0,9, лейк. 8,9х10
9
/л, эоз. 
1%, т/я 6%, с/я 60%, лимф. 25%, мон. 8%, ЭТЖ 35 мм/сағ.
Несеп анализiнде: түсі лайланған, тығыздығы 1008, реакциясы 
қышқыл, белогі 0,066 г/л, лейк. 20-30 к/а, жаңа эрит. 1-0 к/а, оксалаттар +++.
Зимницкий сынамасы: тығыздық тербелiсi 1006-1014, күндiзгi диурезі
720 мл, түнгi диурезі 1040 мл, тәулiктiк диурезі 1760 мл.
Бүйректің УДЗ: екi бүйректiң де тостағанша-астауша кешендерiнiң 
кеңеюi, бiрлi-екiлi микролиттер, бүйрек өлшемдерінің біршама кішіреюі 
анықталды. 
1. Жетекші синдромдарын анықтаңыз, синдромдық диагноз алгоритмі (күдікті 
аурулар тізімін жасаңыз). Сәйкес тексеру жоспарын құрыңыз (гинеколог 
кеңесі қажет пе?).
2. Дифференциялық диагнозы. Клиникалық диагноз. 
3. Ем тағайындаңыз, әрi қарайғы тактикаңыз. 
4. Мөлтектiк дәрiгердiң тактикасын талдаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет