423
Ары қарай,
бұл ойларын жалғастыра келе, ақын қоғамның
дегумандануы
және
руханилықтан
айырылуы
салдарынан
туындайтын, өкінішті жағдаяттарды атап өтеді:
Әлде бұл да жолы шиыр ұлтымыздың соры ма,
Қалай түстік біз батыстық қиратқыш күш торына?
Қуанып ек, қосылдық деп кәусар бұлақ қорына.
Адасқандай тылсым нудан,
Біз олардың кір су құйған
Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық,
Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық...
1
Батыс мәдениеті табыну объектісіне айналдырып жіберген,
индивидуализм ұстыны қазақтың дәстүрлі құндылықтарымен сәйкес
келе бермейді. Ежелгі рухани мұраларымен сусындай беретін,
қазақтар үшін қонақжайлылық, төзімділік,
кеңпейілділік сияқты
ұстанымдар өз көкейкестілігін жоғалтқан жоқ. Қазақтарда қашанда
жалғандық, қатігездік, күш көрсету, сатқындық айыпталып келген.
Ұрпақтан ұрпаққа қазақтар үлкенді сыйлауды, аруақтарға құрмет
көрсетуді, кішілерге, әйелдерге ізеттілікпен қарауды құндылық
бағдары ретінде ұстанып келген.
Егер Батыс дүниеге объект
ретінде қараса және оны тануға,
өзгертуге ұмтылса, онда Шығыс дүниемен қосылу арқылы оны білгісі
келеді. Дүниені объективтендірудің құралы – сөз. О. Сүлейменов
өзінің «Хат тілі» атты еңбегінде былай жазады: «Оның бүкіл
кешендігінің күрделігінде, мәдениетті туындатушы негізгі факторға
алғашқы иероглифика мен тіл жататына, барған сайын өзім сенімді
болып келемін. Олардың өзара тәуелділігінің актілері адамның өзінде
және қоршаған ортада адамдықты қалыптастырып келді. Бірінші жазу
таңбасынан «гомо сапиенстің» тарихы басталады»
2
.
О. Сүлейменов сөзде – «адам болмысының үйінде» - ұрпақтар
және дәуірлер сабақтастығы мүмкін дейді. «Тілдер – бұл, үзінді
жазбаларда сақталып қалмаған тарихи айғақтардың қоймасы. Тілдер –
бұл, ол жанбайтын, өртелмейтін,
сумен шайылмайтын, мүк басып
кетпейтін, идеологиялық бұрмалауға ұшырамайтын, мұражай. Бізге
арғы
тектеріміздің
сансыз
ұрпақтарынан
жеткен,
басты
интеллектуалдық мұра және олардың біле алмағанын біз ары қарай
тереңдете отырып ашуымыз үшін, бізге өсиет етіп қалдырылған мұра
– олардың өткені»
3
.
Сөздің рухани мәдениет үшін маңыздылығын Ш. Айтматов та
атап өтеді: «Егер сөзге біз қастерлей,
тіпті мен айтар едім,
1
Сонда, 115 б.
2
Сүлейменов О. Язык письма. С. 33.
3
Сонда, 204-205 бб.
424
сараңдықпен қарамасақ, егер оны күндіз және түнде төге беретін су
сияқты ысырап етсек, сөзді мөлшерлеп отырмасақ, оның әрбір «дәнін»
ұғынбасақ, онда ол өзінің тірі қуатынан айырылады. Оның сөзінің
артында ештеңе тұрмаған, адамның өзі түкке тұрмайтынын, адамзат
қоғамы өзінің пайда болған кезінде-ақ түсінген»
1
.
Қазіргі Қазақстанда жүріп
жатқан интеграциялық мәдени-
өркениеттік үрдістер дәстүрден ажырау, адамдық болмыс пен
адамгершіліктің көп ғасырлық нормаларының деформациялануы,
тұлғалық өзіндік құндылықтың төмендеуі сияқты құбылыстармен
ілесіп келеді. Қазақ ұлтының жас буының айтарлықтай бөлігі бөтен
тілдік ортада жетіліп келеді; онда басты рөлге тек классикалық
еуропалық
мәдениет емес, ал, ең алдымен, американдық және
батыстық поп-мәдениет ие бола бастайды.
Осындай жағдайдың бір алғышартты, ұлттық дәстүрлі мәдени
ауысуларды шектеген, интернационализм желеуімен ұлтсыздануын
үрдісін жүзеге
асыра бастаған, кеңестік империя уақытында
қалыптасты. Қазіргі поп-мәдениетке келсек, онда ғарыш пен Ұлттың
мәдени байланысының тамырына балта шабатын факторлар –
девианттық қылық (маскүнемдік, нашарқорлық, зинақорлық, садизм
және т.б.)
формалары жарнама, клиптер, секс-символдар, әсіре
кейіпкерлер арқылы кең етек жайып келеді.
Қазіргі әлем бір жағынан рухани тығырыққа тіреліп тұр, рухани
мәдениет деңгейі тым төмендеп барады.
Сан жас қанат ғаламзатқа болмақ үшін өтімді,
Түнгі оттарды іздеп ұшар көбелектер секілді,
Қасиетті ата қоныс - өзен-тауын жерсінбей,
Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей,
Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы,
Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды
2
.
Home sapiens, Адам болу үшін жан – Жоғары Рухтың айрықша
күйі қажет. Руханилық – мәдени жасампаздықтың мақсаты.
Шын өнерді басынса да жеңе алмайды асқазан,
Шырқау рух аспанында басқа мүдде, басқа заң.
Ғасырды асар әдебиеті, өнері ұлы болмаса,
Ұлт даралық таба алмайды
Және ұлы боп саналмайды ешқашан!
3
Руханилықты тәрбиелеу өзін жетілдірудің маңызды құралы
ретіндегі танымдық мүдделілікті қалыптастырудан басталады.
Адамды тәрбиелеудегі жетекші рөлге өнер ие. Өнерді (өнер
1
Сүлейменов О. Язык письма. С. 109.
2
Шаханов М. Заблуждение цивилизации. С. 68.
3
Сонда, 55 б.
425
туындыларын,
көркем
құндылықтарды)
қабылдау
күрделі
эмоционалдық-танымдық әрекеттің түрі болып табылады.
Өнерді
адамға тура ендіру мүмкін емес. бұл үшін оған белгілі біл білім, ақыл,
сезімдер жұмысы, көркем аллегориялар мен метафораларды түсінуге
деген қабілеттілік қажет.
Көркем құндылықтар жалпыадамдық және ұлттық болып
бөлінеді. Бірақ жалпыадамдық құндылықтар қашанда ұлттық-
этникалық формада беріледі. Өз талдауымызды ақын О.
Сүлейменовтың мына сөздерімен аяқтағымыз келеді. «Болашақ әлемі
– бұл алауыздықтармен тартыстағы Өзіндік Болмысқа қарама-қарсы,
Бірге Болмыс»
1
. Қазір дүниежүзілік қауымдастықта өзінің тиесілі
орнына ие болған қазақ халқы. өзінің ғасырлар қойнауынан жалғасып
келе жатқан, төлтума эстетикалық мәдениетін зерттеуге және әлемге
ұсынуға мүдделі.
Достарыңызбен бөлісу: