19) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган - облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық
бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары
саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
20) еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан
Республикасының өзге де
нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға
және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының
міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
21) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасында,
келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында
туындайтын қатынастар;
22) еңбек қатынастарымен тікелей байланысты қатынастар - осы Кодексте көзделген
жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға,
жұмыскерлерді
кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға,
әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын
белгілеуге жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің) қатысуына,
еңбек дауларын
шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға
байланысты қалыптасатын қатынастар;
23) еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және
(немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен
қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;
24)
еңбек
қауіпсіздігі жағдайлары
- жұмыскер еңбек міндеттерін орындаған кезде
еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына
сәйкестігі;
25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек
қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек
қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау;
26) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық,
санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және
қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
2020.19.12. № 386-VІ ҚР
Заңымен
27) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
27) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызметтік)
міндеттерін немесе жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың тапсырмаларын орындауы
кезінде
жұмыскердің, жіберуші тарап жұмыскерінің өндірістік жарақаттануы,
денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан олардың еңбекке
қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған
зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге, жіберуші тараптың
жұмыскеріне әсер етуі;
Достарыңызбен бөлісу: