53) қауіпсіздік нормалары - жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі
мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-
гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды,
қағидаларды, рәсімдер мен
өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек
процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
54) қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау қағидалары сақталмаған жағдайда
белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері жұмыскердің
өндірістік жарақаттануына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп
соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе тұрақты
айырылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не қайтыс болуы орын алатын еңбек жағдайлары;
55) қауіпті өндірістік фактор - әсері жұмыскердің еңбекке қабілеттіліктен уақытша
немесе тұрақты айырылуына (өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруына) немесе
қайтыс болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
56) қоса атқарылатын жұмыс - жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек
шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы;
57) мемлекеттік органның шетелдік жұмыскері - еңбек шарты бойынша мемлекеттік
органға тартылған шетелдік;
58) мереке күндері - Қазақстан Республикасының
ұлттық
және мемлекеттік мереке
күндері
;
59) негізгі жалақы - тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақылар, кесімді
бағалар бойынша төлемді қамтитын, жалақының салыстырмалы түрдегі тұрақты бөлігі
және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық және
(немесе) еңбек шарттарында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер;
60) өндірістік жабдық - машиналар, механизмдер,
құрылғылар, аппараттар, аспаптар
және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;
61) өндірістік жарақат - жұмыскердің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның
еңбекке қабілеттіліктен айырылуына әкеп соққан денсаулығының зақымдануы;
62) өндірістік қажеттілік - дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою немесе
олардың салдарларын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды,
мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін және басқа да айрықша жағдайларда,
сондай-ақ уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру үшін жұмыстарды орындау;
63) өндірістік қызмет - шикізаттың алуан түрлерін өндіруді және қайта өңдеуді,
қызметтердің алуан түрлерін көрсетуді және жұмыстарды орындауды қамтитын,
ресурстарды дайын өнімге айналдыру үшін қажетті еңбек құралдарын қолдана отырып
жасалатын жұмыскерлер әрекеттерінің жиынтығы;
204-бабының
редакциясына сәйкес 64) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан
бастап қолданылды) (
бұр.ред.қара
)
64) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған
ұйымдар - өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары
бар ұйымдар;
65) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттау
- өндірістік
объектілерде (цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ жұмыс
берушілердің бөлек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде)
орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын,
еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында оларды
бағалау жөніндегі қызмет;
66) өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлерге әсерін
болғызбайтын немесе азайтатын санитариялық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары
мен техникалық құралдар жүйесі;
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
66-1) тармақшамен толықтырылды
66-1) өндірістік-тұрмыстық жағдайлар
- жұмыскердің жұмыс орнында, оның ішінде
вахталық жұмыс әдісі кезінде болуы үшін қажетті, санитариялық-тұрмыстық үй-
жайлармен, сондай-ақ тынығу және тамақтану үшін жағдайлармен қамтамасыз етуді
қамтитын еңбек жағдайлары;
67) өндірістік факторлар - Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де
нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жұмыскерге әсер ететін техникалық,
санитариялық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық және басқа да жағдайлар;
68) өрескел абайсыздық - жұмыскердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
қағидаларын және өз денсаулығының қауіпсіздігін бұзуға ықпал ететін әрекеттері;
69) өтемақы төлемдері - жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына,
жұмысынан айырылуына, жұмыскерлерге еңбек міндеттерін
немесе Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты
шығындарды өтеуге байланысты ақшалай төлемдер, сондай-ақ жұмыскерлерді немесе
еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды (бұдан әрі - білім алушы) кәсіптік
даярлаумен, қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен байланысты төлемдер;
2020.19.12. № 386-VІ ҚР
Заңымен
69-1) тармақшамен толықтырылды
69-1) персонал беру - жіберуші тараптың жұмыскерді қабылдаушы тараптың
мүддесінде, басқаруымен және бақылауымен еңбек функцияларын орындауы үшін оны
персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт бойынша қабылдаушы
тарапқа жіберуі;
70) разрядаралық коэффициент - сабақтас тарифтік-біліктілік разрядтарының тарифтік
мөлшерлемелері арасындағы арақатынас;
71) тарифтік жүйе - еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі,
онда жұмыскерлердің
жалақысы тарифтік мөлшерлемелер (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде
сараланып айқындалады;
72) тарифтік кесте - орындалатын жұмыстарды күрделілік және жұмыскерлерді
біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік
коэффициенттер жиынтығы;
73) тарифтік мөлшерлеме (айлықақы) - жұмыскердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір
күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек міндеттерін орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің
тіркелген мөлшері;
74) тарифтік разряд - жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін
қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші;
2018.24.05. № 156-VI ҚР
Заңымен
75) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
75) тәртіптік жаза - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жағдайларда жұмыс беруші немесе ұлттық басқарушы холдингтің
бірінші басшысы қолданатын жұмыскерге тәртіптік ықпал ету шарасы;
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
76) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
76) тәртіптік теріс қылық - жұмыскердің өз еңбек міндеттерін құқыққа қарсы,
кінәлілікпен орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сондай-ақ еңбек тәртібін бұзуы;
77) тынығу уақыты - жұмыскердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы
бойынша пайдалана алатын уақыты;
78) ұжымдық қорғаныш құралдары - жұмыс істейтін екі
және одан көп жұмыскерді
зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға
арналған техникалық құралдар;
79) ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін,
жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын
жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;
80) үстеме жұмыс - жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс
уақытының белгіленген ұзақтығынан (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты
санынан артық) тыс орындайтын жұмыс;
81) хабарлама - жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге
тәсілмен (курьерлік пошта, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта
және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы) берілген өтініштер;
82) іссапар - жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан
тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу,
сондай-ақ
жұмыскерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу.
2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының басқа да арнайы ұғымдары мен
терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: