Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі



Pdf көрінісі
бет20/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
5-бап. Еңбек бостандығы 
Әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да бір кемсітушіліксіз және 
мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне билік етуге, кәсіп және 
қызмет түрін таңдауға құқығы бар. 
  
6-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу 
1. Әркімнің еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға тең 
мүмкіндіктері бар. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында 
көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің еңбек саласындағы құқықтарына шек 
қойылмайды. 
2. Ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, 
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге 
көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-
ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды. 
3. Еңбек қызметінің тиісті түрлері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 
белгіленетін не әлеуметтік және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар 
жөнінде мемлекеттің ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер
артықшылықтар мен шектеулер кемсітушілік болып табылмайды. 
4. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан 
Республикасының 
заңдарында
белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға 
жүгінуге құқылы. 
  
7-бап. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу 
Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. 
Мәжбүрлі еңбек қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қатерімен талап 
етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметтерін ұсынбаған кез келген 
жұмысты немесе қызметті білдіреді. 
Мәжбүрлі еңбекке:
жұмыс мемлекеттік органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргізілетін және 
оны орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билігіне берілмейтін немесе 
тапсырылмайтын жағдайда соттың заңды күшіне енген үкіміне байланысты; 
төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет