52
ортақ жалпы атауына ие болып, аталған мемлекет толық құлағанға дейін
қолданылған.
Ал, «Алтын Орда» атауына келсек Бату хан негізін қалаған қалалардың ізі де
қалмаған кезде пайда болды. ХVІ ғасырдың
екінші жартысында алғаш рет
«Казанцев жылнамасында «Алтын Орда» немесе «Ұлы Алтын Орда» деген сөз
тіркесі пайда болады. Оның пайда болуы ханның қонысымен, нақтырақ айтсақ
ханның киіз үйінің қымбат мата және алтыннан жасалған бай әшекейлеріне
байланысты болды. ХІV ғасыр саяхатшысы хан шатырын: «Өзбек алтын шатыр
деп аталатын шатырда отырады. Ол алтын жапырақтары бар ағашқа тартылған.
Ортасында аяқтары күміспен қапталған және қымбат тастармен әшекейленген тақ
орналасқан» деп сипаттаған. «Алтын Орда» терминінің ХІV ғасырда орыс
жерлерінде күнделікті тілде қолданылғанына күмән келтіруге болмайды, дегенмен
сол уақытта жазылған жылнамаларда бұл сөз тіркесі кездеспейді. Бұл кезеңде
орыс жылнамашылары «алтын» сөзін жақсылықтың,
қуаныш пен жарықтың
синонимі ретінде қолданғандықтан, бұл сөзді өздерін «езгіге» ұшыратқан
мемлекетке қатысты қолданудан бойларын аулақ ұстаған болулары да ықтимал.
Сондықтан «Алтын Орда» атауы жылнамаларда моңғол жаулап алушылығының
барлық қорқынышы ұмытыла бастаған кезеңде ғана айналымға енген деуге негіз
бар.
Ал, енді Алтын Орданың Моңғол империясындағы орны туралы мәселеге
тоқталайық. Алтын Орда құрылған кезінен бастап дербес мемлекет ретінде өмір
сүрген емес, сондай-ақ оның билеушілері де тәуелсіз басшылар ретінде
саналмады. Алғашында Жошы және оның ұрпақтарының иеліктері мен басқа да
моңғол ханзадаларының иеліктері заң жүзінде әкімшілік орталығы Қарақорым
болған біріккен империяны құрады.
53
Бұл жерде қалған хан Яссы заңының бабтарының
бірінде көрсетілгендей
моңғолдар жаулап алған барлық аумақтардан түскен табыстардың бір бөлігін алып
отыруға құқылы болды. Мұндай жүйенің болуы үлкен империяның ыдырауын
болдырмау үшін ойластырылған еді. Тек орталық билік болып саналатын
Қарақорым ғана маңызды экономикалық және саяси мәселелері шешетін болған.
Империяның шет аймақтарынан аса алыс орналасқан орталық биліктің алғашқы
кезеңде беделді болуы тек қана Шыңғыс ханның абыройы мен даңқының
арқасына ғана байланысты болды. Тек осы жағдайға қатысты ғана Бату және
Берке хандар Қарақорымға қатысты «әділеттілік, бағыныштылық, достық пен
бірлік» жолын бұзбай ұстанып отырды.
ХІІІ ғасырдың 60 жылдарында Қарақорым тағы үшін Құбылай мен
Арықбұға арасында күрес басталды. Жеңіске
жеткен Құбылай астананы
Қарақорымнан Қытай территориясына Ханбалыққа (Пекин) ауыстырды. Бұл
уақытта Алтын Орда билеушісі, Арықбұғаны қолдаушы Меңгу-Темір осы сәтті
пайдаланып Моңғолиядағы астананы, Шыңғыс ұрпақтарының қарашаңырағын
тастағанына байланысты Құбылайды бүкіл империяның билеушісі ретінде
мойындаудан бас тартады. Осы уақыттан бастап ішкі және сыртқы жағдайларға
байланысты Алтын Орда өзінің толық тәуелсіздігін алды. Империя жеке
бөліктерге бөлініп кетті.
Алтын Орда саяси егемендігін алған кезде мемлекеттің осы күнге дейін
құрылған және біршама жақсы дамыған ішкі мемлекеттік жүйесі болды. Бұл жүйе
Шыңғыс ханның Моңғолияға орнатқан жүйесінің
көшірмесі болғандығына таң
қалуға болмайды. Мемлекеттің кейбір аудандарында Батыйдың бауырлары
54
басқарған жеке ұлыстар болды. Шыңғыс хан мемлекеті дамуының ерте кезеңіндегі
сияқты Бату да өз бауырларына ұлыстар бөліп берді.
ХVІІ ғасырдағы белгілі тарихшы Әбілғазы қызықты факт келтіреді. Шығыс
Еуропаға Моңғолдар шабуылы аяқтаған соң, моңғолдар Дешті Қыпшаққа қайтады.
Бату өзінің ағасы Орда Еженге бұл жорықтың аяқталуына сен көмектестің деп
оған 15 мың отбасынан тұратын халықты бөліп берген. Сонымен Алтын
Орданың құрылған кезеңінде Жошы ұлысы Жошының 14 ұлына бөлініп берілді.
Әр ұлыстағы ханзада өзін жеке билеуші ретінде есептеді. Алтын Орданың құлау
уақытында бұл тенденция айқын көрінді. Бату билік құрған кезде бүкіл Жошы
ұлысының бірлігі сақталды. Әрбір билеуші ханға қызмет көрсетті. Территорияны
бөлумен бірге мемлекеттің басқару аппараты құрылды. Алтын Орданың Бату мен
Берке хандар билеген кезеңін ұйымдастыру кезеңі болды деуге болады. Бату
жалпы мемлекет заңдарының негізін қалады, оны қалған хандар сақтады.
Ақсүйектердің иеліктері қалыптасты, шенеуніктер аппараты пайда болды, барлық
ұлыстарды байланыстыратын пошта қызметі жұмыс атқарып, салықтар мен
міндеткерліктердің мөлшері мен түрлері тұрақтанды. Бату мен Берке
хандар билігі
абсолютті хан билігінің жарқын көрінісі болды. Билік пирамидасының ең
басындағы хан далада көшіп қонып жүрген, туыстары мен әйелдерімен бірге
жылжымалы ордасында өмір сүрді. Хан мемлекет істері бойынша жалпы
басшылықты жүзеге асырды.
Жеке салалар бойынша көптеген шенеуніктер қызметін құру керек болатын.
Алтын Орданың мемлекеттік жоғарғы басқару әкімішілігінде ең жоғарғы екі
қызметі қалыптасты. Бірінші беклербек – ол қолына іс жүзінде бүкіл билікті
шоғырландырды.
Ол
әскердің
қолбасшысы болды. Сондай-ақ
басқа
мемлекеттермен дипломатиялық қызметті бақылап, жоғарғы сот инстанциясының
құқықтарын иеленді (бұлайша бар билікті бір адамның қолына шоғырландыру
олардың шын мәнінде Ноғай, Мамай сияқты дербес
билеушілерге айналуына да
әкеліп соқты).
Екінші жоғарғы мемлекеттік қызмет уәзір – оның қолында жоғарғы
атқарушы билік болды. Орталық органы диван деп аталды және хатшылар
басқаратын палаталардан (қаржы, салық, сауда және мемлекеттің ішкі саяси
өмірінің басқа да салалары) тұрды. Олардың негізгі қызметі салық жинау және
жаулап алынған халықтардың сыйлықтарын қабылдап алу еді.
Басқару сатысында беклербек және уәзірден кейінгі сатыда әскербасшылар -
ұлысбегілер (әмірлер, мыңдық басшылары, түмендіктер) және шенеуніктер тұрды.
Басқару аппаратына байланысты қызметтер: шекарашы - тамға жинаушы, таразшы
- салық жинаушы, елші - жиналған алым-салықтарды Ордаға алып келуші және
дипломатиялық қызметтерді орындаушы қуғыншы,
бұқала - шекаралық
қарауылдардың басшысы, тақтұла - пошташы, жәмшік қызметінің басшысы.
Бұдан басқа жарлықтарда ұсақ қызметтер - құсшы, тасымалдаушы, базар
бақылаушысы туралы мәліметтер де кездеседі. Алтынордалық шенеуніктер
55
категориясын және олардың иерархиясын бізге дейінгі жеткен хан жарлықтары
мен грамоталарындағы титулдарды зерттеу арқылы Г.А. Федоров-Давыдов
орнатқан болатын.
Достарыңызбен бөлісу: