Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Ірі қара малға наркоз жасау



Pdf көрінісі
бет26/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Ірі қара малға наркоз жасау 
 
Мүйізді малда наркоз уақытында месқарын тимпаниясы, құсу, сілекей 
ағуы көбейіп, бронхиальды бездерінін шырыш бөлінуі күшейеді, тыныс алу 
жолдары жабылуына қауіп туады. Бұл құбылыстардың жиынтығы наркоз 


53 
үшін өте қатерлі. Сондықтан мүйізді мал наркозын тәжірибеде терең 
дәрежеге дейін жеткізбейді және оны жергілікті анестезиямен біріктіреді. 
Премедикация - наркоз алдында 10 мин ерте 1% атропиннің 5 - 10 мл 
ерітіндісін малға терінің астына енгізеді, ол наркоздың жалғасуына пайдалы 
әсер етеді. Ол n. vagus тежеудің алдын алу арқасында жүрек жұмысын 
жақсартады, бронхтарды кеңейтеді, дем алуды жақсартады, сілекей және 
кілегейлі бездердің секрециясын тежейді. Бұдан кейін тамыр немес бұлшық 
ет ішіне 2,5% аминазин ерітіндісі – 2,0 мл / 100 кг т.с. енгізеді. Бірақ оны 
барбитуратты наркозда қолданбайды. Бұлшық ет ішіне инъекциялағанда 
әсері 30 минуттан кейін, ал күре тамырдың ішіне енгізгенде 5 – 7 минуттан 
кейін басталады. Бұл тәсілмен мал тыныштанады және жансыздандыру 
тиімділігі күшейеді. 
Ірі қара малға хлоралгидрат, алкоголь және тиопентал (пентотал) - 
натрий қолданылады. Аспирациядан құтылу үшін малға азықтарды және 
суды наркоз алдында 12 сағат бермейді. Бұл аспирациялық пневмония және 
тимпаниядан қорғайды.
Тамыр ішінен жасайтын хлоралгидратты наркоз. Сиырдың күре 
тамырына 10% хлоралгидрат ерітіндісін 0,1г/1 кг тірі салмағына өте мұқият, 
абайлап жылқыға жіберген тәсілдермен енгізеді. Наркоздың тереңдігі 
жеткіліксіз болғандықтан, оны жергілікті жансыздандырумен толықтырады. 
Тамырдың ішінен жасайтын алкогольдік наркоз. Премедикациядан 
кейін тамыр ішіне этил спирті, натрий - хлориді және глюкозаны 
инъекциялайды. Мына рецепттер түрлерін қолданады: 
1. Rp.: Spiritus aethylicus , rectificati 445,0 
Natrii chloridi 6,0 
Glucosi 68.0 
Aquae destillatae 930,0 
M . f . solutio . Sterilisata ! 
D.S. Наркоз үшін, тамырдың ішіне 450 - 500 кг сиырға. 
2 Rp.: Spiritus aethylici 40 
0
- 300,0 
M. D. S. Наркоз үшін. Қой, ешкілерге. Ауыз арқылы беру. 
3. Rp.: Spiritus aethylici 40° - 800,0 (3000,0)
M. D. S. Салмағы 200 кг құнажынға наркоз үшін Ауыз арқылы беру.
4. Rp.: Spiritus aethylici 96° — 445,0 
Natrii chloridi 6,0 
Glucosi 68,0 (115,0)
Aquae destillatae 930,0
M. f. solutio. Sterilisetur!
D. S. Күре тамырға 10-40 мл минутына енгізу. Дем алуды қадағалау. Ол 
нашарлағанда уақытша тоқтату немесе баяу енгізу.
Сілекей ағуды тоқтату және дем алуды бесендіру үшін наркоздан 10-15 
мин ерте атропин ерітіндісін енгізу тәсілі (М. В. Плахотин).
5. Rp.: Atropini sulfatis 0,05 (0,1) 
Aquae destillatae 5,0
M. f. solutio. Sterilisetur!


54 
D. S.Тері астына енгізу үшін.
6. Rp.: Acidi acetici 15,0 (20,0) 
Aquae fontani 500,0 
M. f. solutio. 
D. S. Ірі қара малға 30 минут наркоздан ерте тимпанияның алдын алу 
үшін (Н. Е. Корнеев). 
7. Rp.: Sol. hexenali 15,0 
Sol. natrii chloridi 0,85% — 500,0 
M. f. solutio. Steriliseturl
D. S. Құрсақ қуысына. Ірі қара малға (0,03 /1 кг малдың салмағына). 
Наркоз алдында атропин ерітіндісін тері астына енгізеді және аузына 
сүт қышқылын береді. 
9. Rp.: Chlorali-hydrati 60,0 . 
Natrii chloridi 3,2
Aquae destillatae 400,0 
M. f. solutio. Sterilisetur! 
D. S. Көк тамырға. Ірі қара малға. Малдың 100кг салмағына 150 мл-
ден.(Н. Е. Корнеев). 
Малды 24 сағат аш диетада ұстап: Тері астына атропин ерітіндісін 10-
15 минут ерте инъекциялайды, ал 30 минут ерте ауыз арқылы сүт қышқылын 
немесе сірке қышқылын береді. 
10. Rp.: Chlorali-hydrati 60,0 
Sol. Natrii chloridi 0,05% — 600,0
Glucosi 45,0 
M. f. solutio. Sterilisetur! 
D S Көк тамырға. Ірі қара малға. Малдың әр 100кг салмағына 150 мл - 
ден. 
Күре тамыр ішіне тиопентал (пентотал) - натрий наркозы. 
Премедикацияны алдындағыдай жүргізіледі. Содан кейін 5%- тиопентал - 
натрий ерітіндісін 15 мг малдың 1 кг салмағына күре тамырдың ішіне баяу 
инъекциялайды. Сол уақытта малдың мінез – құлқын қадағалау қажет, ол 
инъекция барысында құлап қалуы мүмкін . 
Оральды алкогольдік наркоз сиырлар және ұсақ бұқашаларға есінен 
тандыруыға қолданады. Ірі, күшті және ызақор бұқаларға оны қолдану қиын. 
Наркозға үшін арақты 100 кг мал тірі салмағына 250-300 мл қолданады, оны 
резеңке шөлмектен ауызына немесе асқазанға танау-өңеш зонды арқылы 
береді. 
Жансыздандыруға, 
транкивилизацияға 
және 
бұлшық 
ет 
релаксациясына арналған әмбебап препарат ромпунды ірі қара малға кеңінен 
пайдаланады. 
Ұсақ күйіс қайыратын малға наркоз жасау. Премедикация міндетті 
емес. Наркозға пентотал немесе тиопентал - натрийдің 5% ерітіндісінің 15 
мг/1 кг тірі салмағына есептеп қолданады. Инъекциялық ерітіндіні білек 
тамырына немесе кіші жасырын тамырға жасайды. Бірінші ширекте 
ерітіндіні тез, ал қалған бөлімін баяуырақ енгізеді, наркоз 15 - 20 минутқа 


55 
дейін созылады. Егер наркозды ұзарту керек болса, қосымша тағы үшінші 
бөлімін инъециялайды . 
Бұғыларға наркоз жасау (премедикация ірі қара малға сияқты) 
тамырдың ішіне 10% хлоралгидрат ерітіндісі тағайындайды. Есейген бұғыға 
жазғы мезгілде препаратты көбірек (25-30 г), ал қыста 5 есе азырақ (5-6 г) 
қолданады. 
Ол 
бұғының 
қоректенуіне, 
организмінің 
маусымдық 
құбылмалығына және климат шарттарымен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет