МЕДИЦИНСКАЯ ВАЛЕОЛОГИЯ
35
Үшіншіден аспан циклінде ақпарат солдан оңға
қарай сағат тілі жылжуы бағытына қарсы, ал Жер
ғаламшары циклінде –солдан оңға қарай, сағат тілі
жылжуы бағытымен беріліп отырады. Бұған дей-
ін айтып келгендей бір элементтік ақпарат екінші
элементтік ақпаратқа айналмайды, адам Жердің
айналуына байланысты ырғақтық уақытында өзі
осы ақпараттық белдеуді кесіп өтеді. Аспан бөлі-
гі құралымы көрсеткендей негізгі ақпарат түрлері
біріне-бірі айналмайды, тұрақты уақыт-ырғақтық
тәуелділікке байланысты, тек қана циклде келесі
кезекке ауысып отырады (үлгі).
Төртінші мүшелердің «ақпарат қабылдау»
блогындағы ақпарат қабылдау ерекшелігі бар.
Адам аспан және Жер ғаламшары арасында ор-
наласқан. Осыған байланысты бейтараптық қағи-
дасы бойынша адам аспан мен Жердің арасында
ораласуына байланысты ол аспан үшін ІН сыңар,
ал Жер үшін ЕН сыңар болып табылады. Осының
нәтижесінде аспан, адам және Жер өзара бейта-
раптықтың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бірін-
ші жұп аспан және Жер, екінші жұп аспан және
адам, үшінші жұп адам және Жер арасындағы
бейтараптық. Бұл бейтараптықтыр және де аспан,
Жер және адам бойындағы ақпараттардың ағымы
арқылы да қамтамасыз етіледі.
Әрбiр мүшенің «қабылдаушы» блогы аспан мен
Жер ғаламшарынан жұп ақпарат қабылдауы керек.
Жүйенiң ақпарат қабылдауы бейтараптық қасиет
арқылы жүзеге асады. Ал принцип: «Жұптықты
қамтамасыз ету үшiн ақпарат қарама-қарсылықпен
қабылданады. Тепе-теңдiкті қамтамасыз ету
үшiн жүзеге асатын ақпарат көлемi қабылданған
көлемге сәйкес болуы қажет. Бәрі бұлар қосылып
бiрлiктi жүзеге асырады».
Адам сыртқы ортадан ақпараттарды қабылдауы
оның дамуын қамтамасыз етуіне байланысты ақпа-
раттарды қабылдау бес жұп элементтердің даму
циклінде орналасуларына сәйкес жүзеге асады.
Аспанның негізгі ақпараттарының ЕН бөлігінің
элементтік құрамының негізінде ІН мүшелердің
тектес бес элементтік (у-шу, ескі) нүктелері қа-
лыптасады. Олардың орналасуы барлық алты
ІН мүшелерде даму цикліндегі ақпарат бағытына
тәуелді болып келеді. Аспанның негізгі ақпарат-
тары жалпы қағида бойынша ЕН желден баста-
лады. Сондықтан ІН мүшелерде алғашқы болып
ЕН желге тектес көз, содан соң ЕН ыстық тектес
бұлақ, ЕН ылғал тектес жылға, ЕН құрғақ тектес
өзен (дария) және ЕН суық тектес атырау нүкте-
лері қалыптасады.
Жер ғаламшары ақпараттарының түрлерін
құрайтын алты элементтік тектес нүктелер осы
негізде орналасқанымен, олардың орналасу кезек-
терінің қалыптасуының өз ерекшеліктері бар. Жер
ғаламшары ақпараттарының негізгі міндеттерінің
бірі объектердің тіршілік негізі болып келетін
энергиямен қамтамасыз ету болып келеді. Жер ға-
ламшары жағдайында сыртқы энергия негізін жел
және құрғақ құрайды. ЕН жел ІН мүшелер үшін
алғашқы тектес нүкте «көз» қалыптастырды. Жер
ғаламшары ІН болуына байланысты одан шыққан
ақпараттарды бейтараптық қағидасына сәйкес ЕН
мүшелер қабылдайды. Бейтараптық қағидасына
сәйкес екі (ЕН және ІН) қарама-қарсы бір кезең-
де бір элементтен апарат қабылдауы мүмкін емес.
Сондықтан Жер ғаламшары ақпараттарының ІН
бөлігін қабылдайтын ЕН мүшелерде ақпарат қа-
былдау құрғақтан басталады. Ары қарай ақпарат
түрін қабылдау қатаң даму циклі шеңбер бойымен
орналасады. Жер ғаламшары ақпараттарының рет-
теуші блогы (жылу) объекттердің биологиялық тір-
шілігінің негізін қалыптастырады. Сондықтан да
жылу тектес нүктені «кіндік нүкте»- деп атайды.
Жер ғаламшарының ақпараттары бейтараптық
қағидасына сәйкес ІН құрғақтан басталады. Сон-
дықтан ЕН мүшелерде алғашқы болып ІН құрғаққа
тектес көз, содан соң ІН суық тектес бұлақ, ІН жел
тектес жылға, ІН жылу тектес «кіндік», ІН ыстық
тектес өзен (дария) және ІН ылғал тектес атырау
нүктелері қалыптасады. Қытай дәстүрлі медици-
насында «кіндік» нүктені «Юань»- деп атау қа-
лыптасқан. Қытай мемлекеті үлкен мұхит жағала-
уында орналасуына байланысты оларда «өзен»
нүктесін – «теңіз» нүктесі, ал «атырау» нүктесін-
«мұхит» нүктесі деп атау қалыптасқан.
Сонымен аспанның негізгі және Жер ғаламша-
ры өзінің ақпараттары адамға әсер еткенде өз-
дерінің тектес табиғатына байланысты әсер етеді.
Адам организмі тек тес ақпараттарды қабылдаған-
да оларды табиғи ерекшеліктеріне байланысты
қабылдайды. Сондықтан адам денесіндегі ЕН
мүшелер өздеріне қарама-қарсы Жер ғаламша-
ры тек тес ақпараттарының алты ІН түрін, ал ІН
мүшелер қарама-қарсы аспанның негізгі ақпарат
түрлерінің бес тектес ЕН түрін қабылдауға қалып-
тасқан.
Аспан ақпараттарының бес ЕН түрі келесілер:
ЕН жел (күлгін), ЕН құрғақ (ақ), ЕН ылғал (жасыл),
ЕН ыстық (қызыл) және ЕН суық (қара). Бұларды
қабылдайтын адам бойындағы тектес ІН (толық,
паренхималық, чжан) мүшелер: бауыр, өкпе, та-
лақ, жүрек, бүйрек және реттеуші ПЖЖ. Жер
ғаламшары ақпараттарының алты ІН түрі келе-
сілер: ІН жел (көк), ІН құрғақ (көгілдір), ІН ылғал
(сары), ІН ыстық (алқызыл), ІН суық (қоңыр) және
|