Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


-сурет. Инвестициялық жобалардың қарым-қатынасы 13



Pdf көрінісі
бет5/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
suraganova turizm inf

4-сурет. Инвестициялық жобалардың қарым-қатынасы


13
Қонақүй желілерін, автокөлік жолдарының реконструк-
циясын, Ұлы Жібек жолының жəне т.б. маңызы бар туристік 
маршруттардың бойына керуен – сарайлар салуға көптеген 
жағдайлар жасалады.
Еліміздің Өкімет органдарының жəне елбасымыздың қол-
дауымен Маңғыстау, Ақмола, Алматы облыстарында əлемдік 
деңгейдегі қазіргі заманға сай көп функцияналды туристік орта-
лықтардың тұжырымдамасы жасалған.
Туризм саласындағы кəсіпкерлікті жəне туристік саланы 
дамытуға бағыттылған іс-шараларды еліміздің министрліктері 
мен өкіметтері қабылдады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен «Кəсіп-
керлік қызметпен айналысатын жеке азаматтардың салық 
салу режимін жеңілдету» туралы қаулы қабылданды. Қаржы 
министрлігінен туристік-экскурсиялық қызметтерге қосалқы 
құн салығы, туристік қызметті экспорттауға бюджеттен кеткен 
қосалқы құн салығын қайтару бөліміне жеңілдік жасауға, еліміздің 
салық заңдарына өзгертулер енгізуге ұсыныстар жасалған.
Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мəлі-
меттері бойынша республикамызда 1029 туристік фирмалар, 53 
жеке кəсіпкерлер жəне 1055 қонақүй кəсіпорындары қызмет 
атқаруда. Туристік фирмаларда жұмыс істейтін қызметкерлер саны 
22 819 адамды құрайды. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметтердің 
жалпы көлемі өсіп, 29,5 млрд теңгені құрайды.
Сонымен, елімізде туристік индустрияны дамыту үшін 
нормативтік – құқықтық база құрылған. Туризм жəне Спорт 
министрлігінің жəне Ұлттық компаниялар қатысуымен «Қазақ-
стан Республикасындағы туристік қызмет», «Туризмінің даму 
концепциясы» туралы түрлі заңдар қабылданды.
2006 жылы 2007-2011 жж. Қазақстан Республикасындағы 
туризмді дамытуға арналған мемелекеттік бағдарлама қабыл-
данып, онда еліміздегі туризмнің экономикалық дамуына шолу 
жасалып, туризмнің əлсіз жəне күшті жақтары анықталды. 
Бағдарламада қарастырылатын мəселелер: туризм саласының 
тұрақты дамуының мəселелері, туризм инфрақұрылымын дамыту 
шаралары, қызмет көрсету сферасындағы туристік қызметтерді 
ұсынатын орта жəне шағын бизнесті дамыту мəселелері, 


14
сондай-ақ туризм индустриясының инфрақұрылымын дамыту 
мақсатындағы туристік сала субъектілерін қаржыландыру жəне 
несиелендіру жағдайлары жəне т.б.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – халықты еңбекпен 
қамтитын бəсекеге қабілетті туристік индустрияны, мемлекет 
кірісінің тұрақты өсуін жəне кіру мен шығу туризмінің көлемін 
жоғарлатуды қалыптастыру. 
Қойылған мақсаттарға сай бірінші ретті тапсырмалар:
- туризм инфрақұрылымын дамыту;
- туризмді қолдау жəне мемлекеттік бақылау механизмінің 
тиімділігін қалыптастыру;
- мемлекеттің туристік имиджін қалыптастыру;
- туристік потенциалды жоғарылату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет