Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Туристік жүйенің құрылымы



Pdf көрінісі
бет9/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   153
suraganova turizm inf

2. Туристік жүйенің құрылымы
Туристік жүйенің құрылымын немесе өнеркəсіпті, кейінгі 
бейнеге қарап түсінуге болады (5-сурет).
1. Ойын-сауық өнеркəсібі, туроператорлардың немесе тура-
генттердің қызметі, тасымалдаушы, мерекелік экскуриялық-
танымдық ұйымдар (туризм өнеркəсібі).
2. Қонақжайлылық өнеркəсібі, қызмет көрсетудегі маңызды 
өнеркəсіптер, орналастыру өнеркəсібі, тамақ өнеркəсібі.
3. Жаһандық компьютерлік байланыстар 
Қонақүй кəсіпорны барлық туристік өнімнің базасы болып 
табылады. Орналастырудағы қызмет көрсету барлық уақытта 
пакет құрамына кіреді. Ол тасымалдаушы саяхаттаудың негізгі 
5-сурет. Туристік жүйе құрылымы


20
бір бөлігі болып табылады, себебі ол қоршаған ортадағы орын 
алмастырудың белгілерін көрсетеді. 
Туроператорлар бұл – турды шығарушы туристік кəсіпо-
рындар.
Туроператорларды инициативті жəне рецептивті деп бөліп 
қарастыруға болады. Инициативті туроператорлар – бұл 
туристерді шетелге жіберетін туроператорлар. Рецептивті туро-
ператорлар – бұл туристерді мемлекет ішінде жоғарғы дəрежедегі 
қызмет көрсету жолдарын ойлап табады.
Турагенттер – бұл туроператорлар шығарған, турларды 
бөлшек байланыспен сатумен айналысатын кəсіпорындар.
Туроператорларды турагенттерден ерекшелейтін туропе-
рейтинг. Туроперейтинг – бұл туристік бағдарламаларды қайта 
өңдейтін турлар болып табылады.
Алдағы жылдарда интернет желісін қолдану – бұл турөнімді 
жарнамалауда тиімді құрал болып табылады. Алғашқы жəне 
бəрінен де керекті турфирма сайтының негізгі бірінші қадамы 
осыдан басталады.
Ең атақты броньдау жүйесінің бірі «оn-line» тізбегінде, бұл 
сайтта тіркеуден өтетін өкіл бір мезетте белгіленген мерзімде бос 
орындар туралы хабарлама алып, турға тапсырыс бере алады. 
Интернет желісіндегі негізгі жарнама түрлерінің бірі - баннерлік 
жарнама.
Информациялық технологиялар шетелде ертеден туризм са-
ласында қолданылып келеді. Əлемнің ірі авиакомпаниялары та-
рапынан броньдау жүйесі енгізілген: Amadeus, Galileo, Sabre.
«Аэрофлот» фирмасының авиабилеттерін броньдау Gabriel 
(Габриэль) инвентарлы броньдау жүйесі көмегімен жүзеге асы-
рылады, оның иесі америкалық гильдия SITA компаниясы болып 
табылады.
Көптеген мемлекеттерде жүргізілген экономикалық реформа-
лар, жеке кəсіпкерлікті жүргізуге мүмкіндік ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет