161
Қорытынды:
9-тақырып бойынша келесідей қорытынды жасауға болады.
Қазіргі уақытта қызмет көрсетуді жоғары деңгейде қамтамасыз ету –
қонақжайлылық индустриясының барлық саласының өзекті мəселесі.
Бірақ туризмде бұл мəселе одан да тереңдей түседі,
мұнда қызмет көрсету
туристік кəсіпорынды ғана емес, мейлі ол турагенттік болсын, туропера-
тор болсын немесе басқа да өндіруші немесе туристік
қызмет сатушысы
болсын, сонымен бірге көптеген қосалқы кəсіпорындарға да əсер етеді.
Қосалқы база өзіне туристер қызметін қолданатын шексіз орындарды
қосады. Өзіміз білетіндей, туризм өзі дамуымен
қатар көптеген экономика
салаларын да дамыта түседі. Ал бұл қызмет көрсетулерінің дамуы белсенді
түрде ХХІ ғасырдың маңызды теоремасына – адамдардың сапалы өмір
сүруіне əсерін тигізеді.
Ең көп көңілді сервисте бəрі өте маңызды
екеніне ерекше көңіл ауда-
ру керек. Акира Морита, SONY компаниясының негізін қалаушы айтқан:
«Қызмет көрсетуде ұсақ-түйек деген жоқ. Адамдарды зерттеп,
олардың
нені қалайтынын жасаңыз». Егер де қызмет көрсетуші кəсіпорынның
жұмыс тəртібіне келер болсақ, мұнда біраз жұмыс жасау керек.
Тəулік бойы қонақүйлер, сауда кəсіпорындары, қоғамдық тамақтану
орындары, тұрмыстық қызмет кəсіпорындары – тек қана демалыс жəне
мейрам күндері жұмыс атқарады. Ал көбірек тиімді жұмыс істеу тəртібі
сервистік кəсіпорындар үшін бүгінгі таңда, үнемі болуы тиіс.
Əсіресе бүгінгі таңда сапалы қызмет көрсету мəселесі
маңызды болу-
да. Тұрғындарға жəне қонақтарға көрсетілетін ең қарапайым, күнделікті
қызмет түрінің өзі қонақтардың бастапқы ойынан, күткенінен асып түсуі
керек жəне сонымен қатар «қайталанбас қызмет» болуы, бəсекелестікке
қабілетті болуы тиіс.
Бұған сұраныстағы мамандыққа жақсы
даярланған мамандар алу
арқылы жетуге болады. Өйткені, қызмет көрсететін кəсіпорын үшін пер-
сонал – бұл негіз, яғни сəттілік мамандандырылған қызметкерлерге тікелей
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: