Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Тақырып бойынша негізгі түсініктер



Pdf көрінісі
бет92/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   153
suraganova turizm inf

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: туристік жəне 
спорттық құрал-жабдықты туристік жабдықтау, гид, экскурсовод, 
туристік индустрия, туристік қызмет.
1. Туристік жəне спорттық құрал-жабдықты, құрал-сайманды 
жəне сувенир өнімдерін өндіру
Туристік саладағы өндірістік нысандарға төмендегілерді 
жатқызуға болады: туристік құрал-жабдық, спорттық жабдықтар, 
сувенирлер, ақпараттық-қызмет көрсету. Қазіргі таңда туризмнің 
танымалдылығы артуда, оған дəлел, күнделікті қала шуы мен 
қозғалысынан шаршаған мыңдаған адамдар кеңселік киімдерін –
костюм, пиджак, галстуктарын туристік киімдерге ауыстырып 
қалалардан демалуға, көңіл көтеруге аттанады.
Демалыс сіздің көңіліңізге жақсы əсер қалдыру үшін, туристік 
саяхатта керек болатын көптеген заттармен жабдықтану керек. 
Ол үшін қала дүкендерін аралап қажеті жоқ. Өйткені туризм 
жанкүйерлеріне арналған интернет-дүкендері əрқашан қызмет 
етеді, олар өте үлкен туристік өнімнің түрлерін ұсынады. 


170
Гид (гид-аудармашы) – туристерге уақытша келген туристік 
қорлармен таныстыру үшін экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық 
қызмет көрсететін кəсіби даярланған жеке тұлға.
Экскурсовод – уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік 
қорлармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-
ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты біліктілігі бар, 
кəсіби даярланған жеке тұлға.
Бірақ, дүкенде киім, аяқ-киім жəне туристік құрал-
жабдықтарды таңдау кезінде олардың сапасына, ыңғайлығына на-
зар аудару керек. Өйткені дұрыс таңдалмаған рюкзак алдағы сая-
хатта қиындықтар туғызуы мүмкін. Саяхат барысында кілемнің, 
туристік костюмнің жəне шатырдың жыртылуы демалыстың 
бұзылуына алып келеді. Ал тау шаңғылары құралдары туралы 
айтсақ, олардың сапасына сіздің денсаулығыңыз жəне өміріңіз 
байланысты!
Сондықтан да керекті жабдықтардың тізімін білу қажет. 
Бұл тізім саяхат түріне жəне демалу орнына байланысты. Оған 
келесілерді жатқызамыз:
- туризмге арналған киім жəне аяқ киім: қысқы жəне жазғы 
киімдер – шалбар, гетр, гамаш, жилет, қолғап, күртеше, комбине-
зон, плащ жəне фуфайкалар. Туристік киім ыңғайлы ғана болып 
қоймай, сонымен қатар қоршаған ортадан сақтау керек. Туризм-
ге арналған киімдер анатомиялық пішу, жоғарғы технологиялық 
жаңа маталар, мысалы, денені қажамайтын жалпақ тігістері бар 
маталар жəне терлетпейтін маталардан жасалу керек. Осындай 
сапалы туристік киімдерді тек қана туризмде ғана қолданып 
қоймай, сонымен қатар күнделікті өмірде қолдануға болады;
- альпенистік құрал-жабдықтар: динамикалық, статистикалық 
жəне көмекші жіптер, сақтандыру жүйесі, карабиндер, ілгек, пе-
даль тағы басқалар. Осының барлығы экстрималды туризмнің ең 
басты бөлігі болып табылады;
- рюкзактар: сноубордтық, қалалық, əйелдерге арналған, 
балаларға арналған, туристік. Көріп отырғандай таңдау үлкен. 
Осылай болуы да тиіс, өйткені рюкзак туризмдегі құрал 
жабдықтың ең негізгісі болып табылады. Туризм түрлеріне қарай 
əртүрлі рюкзактар болады – су туризміне арналған станогы бар, 
экспедициялық туризмге арналған анатомиялық ашқышы бар 
рюкзак;


171
- қаптөсектер: бұл ұйықтауға арналған өзіндік киім. Орман 
жəне көл жағасында ұйықтаған кезде тоңбас үшін қолданылады;
- туристік керек-жарақ: газдық примустар, плиткалар, газдық 
фонарлар мен лампалар, жанармай оттығы;
- сноуборд жəне құрал-жабдықтар: құтқарушы дулыға
тізеқаптар, бекітпелер, бəтеңке мен арнайы киімдер сізді тоңып 
қалу мен суық тиюден сақтайды;
- су туризміне арналған тауарлар: байдаркалар, катамарандар, 
гидрокостюмдер, ағызба құралдары.
Сонымен қатар:
- кемпингтік, экстремалды түрдегі туристік шатырлар;
- кемпингтік жиһаздар: үстелдер, кресло жəне орындықтар, 
төсектер, сөрелер.
- қазіргі заманға сай жасалған тау шаңғылары;
- туристік ыдыс-аяқ;
- құрал-саймандар.
Кейбір туристік құрал-жабдықтардың сипаттамасы.
1. Туристік шатырлар: көбінесе 3 жəне 4 маусымдық шатыр-
лар қолданылады. 3 маусымдық шатырлар дымқыл ауа-райына 
арналған, мысалы, жаңбыр, сел. Жаз, күз, көктем айларында 
қолданылады. 4 маусымдық шатырларды жыл бойы қолдануға 
болады, су мен желге төзімді матасы қыстың кез келген ауа-
райына лайықты. 
2. Экстремалды шатырларды əдетте 2 класқа бөледі – негізгі 
жəне шабуылдық. Негізгі шатырлардың ерекшелігі – доғал 
жерлері көп болады, айқастары көп, сондықтан да желге төтеп 
бере алады. Кемшілігі – салмағы өте ауыр жəне құру ұзақтығы. 
Шабуылдық шатырлар керісінше салмағы жағынан жеңіл (кейде 
1,5-2 кг) жəне кез келген жағдайда тез құрылады.
3. Газ шамдары – ұзақ сапарларда өте қажет зат, сонымен 
қатар газ лампаларын жылытқыштың орнына қолдануға болады. 
Ол өте ыңғайлы, сіздің жүгіңіздің көлемін қатты үлкейтпейді.
4. Мамықтан жасалған қаптөсектер: қаптөсек үшін басты 
жылытқыш-мамық болып табылады. Мамық – жылу ұстағыш, 
дымқылды жақсы сіңіреді, бірақ ұзақ кебеді. Дымқыл қаптөсекті 
сақтауға болмайды (ішіндегі мамық шіріп кетеді), бұндай 
қаптөсектер ұзақ саяхатқа, яғни дымқыл, ыстық жерлерге жара-
майды, оны тек арктикалық жəне таулы жерлерге қолданады.


172
5. Сапты аяқтар: кейбір аяқтардың саптары алмалы-салмалы 
болады, ол саяхат кезінде өте ыңғайлы. Олар алюминийден, ти-
таннан, болаттан жасалады. 
6. Термобелье, іш киім – жылу ұстағыш. Көбіне спортпен, 
аңшылықпен, балық аулаумен, т.б. шұғылданғанда қолданылады.
7. Туристік рюкзактар – олар 25 тен 60 литрге дейін болады. 
Əртүрлі белсенді демалу түрлеріне жəне қысқа демалыс түрлеріне 
арналған. 
8. GPS навигаторлары: бұл жаяу саяхаттарда, аң аулағанда, 
балық аулағанда, сонымен қатар авомобильдерде жол нұсқаушысы 
ретінде қолданылады.
Саяхат құрал-жабдықтарының тізімі кестеде көрсетілген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет