1. Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан
күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы.
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында
«ортақ тақырыптардың» берілуі.
4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы
ұйымдастыру.
5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін
қалыптастыру.
6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік
беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою.
7. Бӛлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі,
әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы.
8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді
қатысу).
Жаңартылған білім беруде білім беру салалары және қандай пәндер оқытылады десек,
енгізілген пәндер қатарында, ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану сынды заманауи
қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Жаратылыстану пәнінде (химия,
физика және биология пәндері) дүниетану пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы
ұғымдары қалыптастырылады. Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу
жоспарында 1-4 сыныпқа арналған тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі,
ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету
жоспарланды. Тағы бір жаңалығымыз, бастауыш мектептің 3-4 сыныптарында
оқушыларға ақпаратты іздеу, талдау және тасымалдау дағдыларын үйрету мақсатында
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқытылатын болады. Жаңа оқу
бағдарламаларының
ерекшелігі
–
оның
ХХІ
ғасыр
дағдыларын
дамытуға
бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту;
адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің
біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық
дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, ӛз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-
салдарлы байланыстар орнату.
Бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыстану, адам және
қоғам, технология және ӛнер, денешынықтыру сынды білім салалары аясында білу, түсіну,
қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлерінде күтілетін нәтижелерді кӛре отырып,
меңгеруге талаптанады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:
1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3. Шығармашылық ойлау дағдысы;
4. Логикалық ойлау дағдысы;
5. Сыни ойлау дағдысы;
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы;
7. Сыни (критикалық) ойлау дағдысы;
8. Проблемалық ойлау дағдысы;
9. Технологиялық ойлау дағдысы;
10. Тілдік құзіреттілік дағдысы;
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2017-2018 оқу жылынан бастап
жаңартылған білім беру мазмұнына кӛшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды
дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын
дамытуға кӛңіл бӛліне бастады. Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы–
бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы
бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын біліммен нұрландыратын,
дуниетанымын кеңейтетін–ұстаз шеберлігі. Алға қойылған мақсат – 12 жылдық білім беруге
кӛшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту
жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін кӛтеруге кӛмек кӛрсету,
тәжірибемен бӛлісу болып табылады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы
оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең
меңгерту. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, еліміздің дамуына, жеріміздің кӛркеюіне ӛз
үлестерін қосып жүрген белді азаматтардың барлығы да ауыл мектептерінен білім алып,
ауылда тәрбиеленгендер. Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыз да күннен-күнге
жаңарып, жақсарып жатыр. Соның бірі – ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен
технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда
ауыл мектептері жаңа технология құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа
әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде. Ендеше заманына қарай амалы,
демекші бұрыңғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт.
«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы
– жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін
маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның
дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан-
жақты білімді, ӛмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке
тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру.
Оқып үйрену мен тәрбие ісінде оқу орындарының жаппай заманауи технологияларды
қолдануға кӛшу процесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру - қоғамның басты
мәселесі. Мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін дамыту барысында мектептің даму
жоспарында желілік қоғамдастық, тәлімгерлік инновациялық, интерактивті әдістерді
пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, интернет жүйесімен байланысты жандандыру,
жаңа ақпаратты технологияны меңгеру, жан-жақты ұстаздар қауымымен пікір алмасу
қарастырылған. Ал мұғалім үнемі ізденіп, білім қорымен ӛзінің іс- тәжірибесін таратып,
ӛзгенің жаңалығын үйреніп отырса, оның сабақтары да қызықты, бала үшін тиімді болмақ.
Ал бұл жағдай бүгінгі күні ауыл мектептері аталатын шалғайдағы ауылдар үшін де тиімді.
Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр –сырын
зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған
сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді кӛрінді. Әр күн жаңалықтарға
толы болып, курс тыңдаушылары жаңартылған білім беру бағдарламасы, АКТ әлеуеті жайлы
пікір алмасып және ауыл мектептерінің жоғары сапалы білім беруді қолжетімді ету үшін
ақпараттық-білімдік ресурстарының қазіргі жағдайын талдадық. Педагогтар арасында
ӛткізілген түрлі тақырыптардағы коучингтер, ықшамсабақтар бұған дейін ӛз жұмысын ӛзі
жеке атқарып жүрген әріптестердің арасында ынтымақтастық орнап, ұстаздардың кӛзқарасы
ӛзгеріп жаңа инновациялық мүмкіндіктерді пайдалануға талпынысы басым болды.
Заман талабына сай жабдықталған әр ұстаздардың осы талапқа сай жұмыстануға
бетбұрыстары айқын кӛрініс тауып жатыр. Бүгінгі мұғалімнің еңбегі, тынымсыз ізденуді,
үздіксіз кәсіби дамуды талап етеді. Қоғамның сұранысына лайықты ақпараттық -
коммуникативтік технологияларды меңгерген мұғалім болып, ӛз бетінше білім алып, шешім
қабылдай алатын, болашаққа жан-жақты кӛзқарасы бар, ой-ӛрісі жоғары дамыған, зерделі,
жан-жақты тұлғаны қалыптастыруда.
XXI ғасыр жедел ӛзгеріп жатқан заманға бейімделуге мүмкіндік беретін түбегейлі
ӛзгерістер енгізуді, ӛз кәсіби шығармашылығымызды шыңдауды талап етеді. Ойы жүйрік,
ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, ӛзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты
педагог қалыптастырады. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға
бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының
үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу
жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа
түсу, жеке, жұппен,топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты,шы-
ғармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-
тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс
барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді
қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды ықшамсабақтарды
құрастыру барысында кӛз жеткіздік. Бағдарлама оқушының тӛрт тілдік дағдысын: тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл тӛрт дағды оқу жоспарында
«Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Бүгінгі күні
барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Ӛйткені қазіргі заманда елдің
бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім
беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –
тәсілдермен оқытып, ой –ӛрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы
себептен туындап отыр. Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен
айналысқанда ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қызмет аясында қажет. Шығармашыл
- зерттеушілік ізденіс кез-келген кәсіптің ажырамас бӛлігі болып табылуда. Баланы
зерттеушілік іс-әрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету
қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып отыр.
Н.Ә. Назарбаев «Дамыған,бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, біз жоғары білімді
ұлт болуымыз керек» дей келе, ӛскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына аса назар
аударуды талап етіп отыр. К.Ушинский: «Мұғалім - ӛзінің білімін үздіксіз кӛтеріп
отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады», -
деген екен. Бүгінгі күн - білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және
қызметіне деген кӛзқарастардың түбегейлі ӛзгеріске бет бұрып отырған кезең. Н.Назарбаев
ӛз сӛзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын жоғары
индустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген еді. Десекте оған әлі толық ӛту
жағы әзірленбеген. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына
деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге ӛту қажеттілігін арттыруда.
Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім
берудегі жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді білдіреді.
Осыған орай, қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық
деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға және ӛсуден тұрақты даму кезеңіне ӛтуге
бағытталған. Білім беру әдісі ӛзгереді, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа кӛзқарас, жаңаша
қарым-қатынас пайда болады. Жаңартылған Бағдарлама жаңашыл ой тудырды. Себебі әр
жаңашылдық, біріншіден, стандартты іске асыруда мұғалімнен кәсібилік, екіншіден, одан әрі
сапалы нәтиже алу мақсатында жігерлі іс-әрекеттерді талап етеді. Білім беру мазмұнын
жаңартудағы мұғалімнің атқаратын маңызды рӛлін ескере отырып, педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар атқарылды.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар,
критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру.
Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Ӛмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға
үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда ӛмірдің барлық
салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз
еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек ӛз пәнін, ӛз мамандығын
шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана
жұмыс істей алады.
«Білімдіден не пайда, білгенін кӛпке айтпаса, үйреткеннен не пайда , қайырымы
қайтпаса» деген екен А.Байтұрсынов. Сондықтан үнемі кәсіби біліктілігін артып,
жаңашылдыққа ұмтылған педагог қана шығармашылықпен, зор қуатпен еңбектенеді. Себебі,
әлем таныған елде рухани бай және интеллектуалды тұлғалар мекендеу қажет. «Білімді болу
деген сӛздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу»,-деген Әл-Фарабидің сӛзіне
жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана ӛлшенбек. Жаңартылған оқу бағдарламасы
аясында тек ӛз пәнін, ӛз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп
санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
Қорыта айтқанда, білім беру мазмұнын жаңарту – бұл, бәрінен бұрын орта білім беру
моделін, оның құрылымын, мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеу тәсілі мен әдістерін қайта қарау,
оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың барынша жаңа бағалау жүйесін енгізу. Білім
беру мазмұнын жаңарту аясындағы бүкіл іс-шаралар кешені тұлғаның үйлесімді қалыптасуы
мен дамуына, қолайлы білім беру кеңістігін құруға бағытталған.
Мектептегі білім берудің дамуындағы жаңа кезең, оқу процесін ұйымдастыру және
мазмұнын қалыптастырудағы құзыретті тәсілді енгізумен, оқушыларды алған білімдері мен
біліктерін нақты оқу және ӛмірлік жағдайларда қолдануға үйрету қажеттілігімен тығыз
байланысты. Құзыретті тәсілді енгізу, оқу жетістіктері деңгейін бағалау жүйесіндегі
ӛзгерістерді талап ететін оқыту мазмұнының нәтижелерін міндетті түрде болжауды
жорамалдайды. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру
бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыруға
бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |