Желдибаева райгуль сериковна



Pdf көрінісі
бет22/70
Дата10.03.2024
өлшемі6.17 Mb.
#494855
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70
29.05.2023 dis

өзі дамытуды қарастырамыз. Қазіргі заманның білім беру жүйесіне қоятын 
талаптарының бірі бұл – болашақ мамандардың кәсіби іс-әрекетін 
инновациялық мазмұнмен қамтамасыздандыру. Жаһандану дәуірі мамандардан 
көптеген күрделі жағдайларға, белгісіздікке, күйзелістерге төтеп бере 
алатындай тұлғалық дамуды талап етеді. Бұл үшін маман өз білімін белсенді 
түрде жетілдіре отырып, өзінің жеке және кәсіби қасиеттерін үнемі жетілдіріп 
отыру қажет.
Тез өзгеретін дәуірге бейімделу адамдардың өмір сүруі үшін өте 
маңызды. Атап айтқанда, ғылым мен техника саласындағы жетістіктер 
әлеуметтік, экономикалық және мәдени тәжірибеге әсер етеді; мансап салалары 
мен лауазымдық нұсқаулықтар өзгереді. Өзгерістер мен дамуға бейімделе 
отырып, ақпараттық қоғамға жылжу және трансформация тек адамдардың 
үздіксіз білім алуы мен дамуы арқылы мүмкін болады. «Өзін-өзі дамыту» 
саясаты мамандарға ақпаратқа қол жеткізе алатын, ақпаратты тиісті жерде 
пайдаланатын, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлайтын маман ретінде 
өзін танытуға мүмкіндік береді [165]. 
Өзін-өзі дамыту, жылдам өзгеріске ұшырайтын қызмет салаларында 
тәжірибесі жеткіліксіз мамандарға әсер ету және оқу үрдісінде жауапкершілікті 
өз мойнына алатын адамдарды ынталандыру олардың әлеуетін барынша 
арттыруға көмектесу арқылы олардың дамуына ықпал етеді және олардың 
дағдыларын дамытуға көмектесу арқылы әлеуметтік әл-ауқатты арттырады 
[166]. 


58 
Соңғы 20 жыл ішінде Болон үрдісінің негізгі миссиясы және жоғары білім 
беру саласындағы құрылымдық реформалардың негізгі мақсаты білім берудің 
сапасы мен өзектілігін қамтамасыз ету және арттыру болды. Өзін-өзі дамыту 
біздің қоғамымыз бен экономикамыз үшін, сондай-ақ азаматтарымыздың әл-
ауқаты үшін маңызды бола түсуде. Сондықтан біз өздігінен білім алу арқылы 
дамудың жаңа және жан-жақты тәсілдерін әзірлеуге міндеттенеміз және бұған 
академиялық еркіндік пен институционалдық дербестікке толық сәйкес келетін 
еуропалық жоғары білім беру қоғамдастығымен тығыз ынтымақтастықта 
жасаған жағдайда ғана қол жеткізуге болады [167]. 
Сонымен, бүкіл әлемде адамның негізгі күштерінің дамуына ықпал ету 
білім берудің жалғыз және өзгермейтін мақсаты болып табылады. Қазіргі 
қоғамда білім беру тек оқу орындарының қабырғаларымен немесе білім беру 
кезеңінің аяқталуымен шектелмейді. Адам өмір бойы үздіксіз білім алады .
Жаһандану жағдайында, әлем жедел даму және өзгеру үстінде, сондықтан 
да, біздің ойымызша, болашақ мамандарға жоғары оқу орнын тәмамдағаннан 
кейін де білімдерін үнемі жетілдіріп, шыңдап отыру қажет, әсірісе, бұл болашақ 
педагог-психологтар үшін өте маңызды, себебі педагогика мен психология 
салалары үнемі даму үстінде және университет қабырғасында алынған білім 
көп ұзамай өзектілігін жоғалтуы әбден мүмкін.
Сонымен, өзіміздің зерттеу жұмысымыздың шеңберінде біз өзін-өзі 
дамытуды келесідей сипаттаймыз: 
– өзін-өзі тану, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі өзектендіру сынды тұлғаның 
қажеттіліктеріне негізделетін құндылық; 
– өзіндік мақсаты, пәні, шарттары мен орындалу механизмі бар мақсатты 
іс-әрекет; 
– өзін-өзі тану әдісі, яғни адам өзінің кәсіби қызмет шеңберінде білімін 
жеткіліксіз деп танып, қосымша ақпарат іздеу арқылы өзінің пайда болған 
сұрақтарына жауап беруге тырысады. 
Жоғарыда айтылғанды тұжырымдай келе, өзін-өзі дамыту бұл − жеке, 
әлеуметтік немесе кәсіби қажеттіліктерге байланысты жаңа білімді, 
дағдыларды, біліктілікті меңгеру және жетілдіру мақсатында адам өмір бойы 
жүзеге асыратын үздіксіз процес. 
Жаһандану жағдайында болашақ педагог-психологтардың кәсіби 
құзыреттілігін дамыту үшін қажет толеранттылық құзыреттің келесі маңызды 
көрсеткіші − шиеленістерді шешу. Әлемде орын алып жатқан шиеленістердің 
күрт өсуі бұл мәселені шешудің қажеттілігін еселейді.
Қазіргі білім беру жасөспірімге оқу материалының үлкен көлемін игеруге, 
тәуелсіз шешім қабылдауға, білім алудың мақсатын түсінуге, өз уақытын тиімді 
басқаруға жаңа талап қоя білуге дағдылануы тиіс. Бұл оның түрлі саладағы 
жүктемесін арттырады мәселен психикалық, жеке, физиологиялық, т.б., және 
осындай жүктемелер оқушыларды ашуланшақтыққа, жүйке жүйесінің 
әлсіреуіне әкелуі мүмкін, сондықтан да, болашақ педагог-психологтар үшін 
шиеленістерді шешуге қабілетті болу аса маңызды.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі ғалымдар қақтығыстар санының күрт өсуін 
атап өтуде. Ц.А. Шамликашвили адам өміріндегі шиеленістерді шешу 


59 
сапасының үнемі өсіп келе жатқан қауіпін көрсетеді. Бұл тараптар арасындағы 
келісімге қол жеткізу үрдісінің негізі және қол жеткізілген уағдаластықтардың 
тұрақтылығына тәуелді болатын фактор [168]. Біздің де ойымызша, 
қақтығыстар тәуекелдің жоғары дәрежедегі жағдайында жаңа өмір сүру 
жағдайлары жанжалдарды диагностикалауға, алдын алуға және шешуге 
байланысты арнайы құзыреттерді қажет етеді. 
Зерттеушілердің пікірінше, шиеленістерді шешу дағдылары жоқ балалар 
мен жасөспірімдер агрессиямен байланысты ауытқулардың жоғары қаупіне тап 
болады: қылмыстар, зорлық-зомбылықтың құрбаны болу және т.б. [169]. Дәл 
осы себепті бүкіл әлемде шиеленістерді бейбіт жолмен шешу бағдарламалары 
жасалуда. Олар мектеп оқушыларына да, университет студенттеріне де 
бағытталған. Мазмұны мен қолданылатын әдістердегі айырмашылықтарға 
қарамастан, барлық шиеленістерді шешуге арналған оқу бағдарламалары екі 
негізгі мақсатты көздейді. Біріншісі, оқушылар өз әлеуетін толық жүзеге асыра 
алатын қауіпсіз білім беру ортасын құруға және сақтауға байланысты. Екінші 
мақсат, оқушылардың өмір сүру сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға 
бағытталған жалпы құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік беретін жағдайларды 
қалыптастыруымен байланысты. Осы мақсаттарға қол жеткізу бейбіт өзара іс-
әрекетке, бейбіт қоғамға бағдарланған және өз мәселесін бейбіт жолмен шеше 
алатын жаңа ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндігіне үміт артуға мүмкіндік береді. 
Педагог-психолог кеңесші, делдал рөлін атқара отырып, нақты 
жағдайларда психологиялық көмек көрсете алады. Алайда, бұл бағыттың негізгі 
міндеті-мұғалімдерге, 
ата-аналарға қарым-қатынаста 
өз 
мәселелерінің 
сындарлы шешімін өз бетінше табуға үйрету. Демек, педагог-психологтан 
шиеленістердің алдын алу және шешу тәсілдерін меңгеріп қана қоймай
сонымен қатар педагогтарға, оқушыларға, ата-аналарға нақты жағдайларды 
шешуде көмек көрсетуі, шиеленіс жағдайлары мен жанжалдарды шешуде 
делдал ретінде әрекет етуі, білім беру мекемесінің әлеуметтік саласын 
үйлестіруге ықпал етуі; білім алушылардың, педагог қызметкерлер мен ата-
аналар психологиялық мәдениетін қалыптастыруы күтіледі. Осылайша, 
қоғамның және кәсіби қызметтің талаптарын ескере отырып, педагог-психолог 
білім беру мекемесіндегі шиеленістермен практикалық жұмыс істеуге 
дайындық ретінде шиеленістерді шешу қабілетіне ие болуы қажет.
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда дүниетанымдық құзырет шеңберінде 
қажет нақты үш бағытты атап өткіміз келеді және олар әлемді тану, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет