реакцияларының нəтижесінде, электрөткізгіш – құрамында қосарланған
тотыққан-тотықсызданған жұбы бар ерітінді шекарасында пайда болатын потенциал
секірмесі.
Диффузиялық потенциал (
д
, В) – бұл ерітінді - ерітінді фазалар бөліну
бетінде иондардың бөліну шекарасы арқылы əр түрлі жылдамдықпен бағытталып өтуі
нəтижесінде пайда болатын потенциал секірмесі.
Мембраналық потенциал (
м
, В) – бұл мембрана - ерітінді фазаларының
бөліну бетінде мембрананың таңдамалы өткізгіштігінің салдарынан пайда болатын
потенциал секірмесі.
Тотығу – зат атомының электрондарды беріп, оның тотығу дəрежесі өсе
жүретін процесс.
Тотықтырғыш – құрамына электрондарды қосып алатын атомдар кіретін зат.
Тотықтырғыш –электрондардың акцепторы.
Достарыңызбен бөлісу: