Платформалар



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата13.03.2024
өлшемі0.92 Mb.
#495361
1   2   3   4   5   6   7   8   9
176-Текст статьи-925-1-10-20220329

Нәтижелер мен талқылау 
IT саласы мамандары қашықтан білім беру платформаларының 
қолданушыларының саны ең тез қарқынмен өсетіндігін 2018 жылы айтылған 
болатын. Болжамдардан кейінгі 2 жыл аралығында, яғни 2020 жыл соңында 
әлемдегі білім беру ұйымдарының 41% қашықтан оқыту платформаларын 
пайдаланғандығын жүргізген сауалнамалар нәтижесіне жүгіне отырып 
анықтаған. Осы негізде ЖОО білім алушыларға сауалнама жүргізген 
болатынбыз, нәтижесі төменде көрсетілген. 
Сурет 17– Сауалнама нәтижесі 
Сурет 18- Зерттеу нәтижесі 
Қашықтан оқыту платформалырын оқыту үдерісінде пайдаланудың 
бірнеше артықшылық тұстары бар. Мемлекетімізде онлайн білім беру 
басталуымен «zoom» конференцияларға бөтен тұлғалардың кіріп кетуі секілді 
жағдайлар белгілі болғандықтан осы орайда «Microsoft Teams» платформасы 


кеңінен қолданылды. Сонымен қатар білім беруді жүзеге асыруда әр түрлі 
білім беруге арналған математика, информатика мамандарына арналған 
платформалар кеңінен қолданылды. Бұл платформалар оқыту үдерісінде 
айрықша орын алды. Есептерді шығаруда және бағдарламаларды меңгеруде 
онлайн компиляторлармен арнайы платформалар нақты тиімділігін көрсете 
алды. 
 
Қорытынды 
Қорытындылай келе қашықтан оқыту жағдайында оқытуды 
ұйымдастырудың тиімді құралдары ретінде қашықтан оқыту платформалары 
екендігі сөзсіз болып отыр. Мақалада қарастырылған платформалардың білім 
беру үдерісінде теріс әсерінен оң әсерінің басымдылығы екені және білім беру 
сапасының жоғарылай алатындығы айқын. Білім беру платформалары онлайн 
оқыту үдерісі кезінде білім алушылардың оқуын жақсартуын жүйелендіретін 
бірден бір үздік тұжырымдама екендігін әлем дәлелдеп көрсетті. Қашықтан 
білім беруге бағытталған болашақ зерттеу жұмысымда қашықтан оқыту 
платформаларының 
тиімділіктерін 
зерттеу, 
болашақ 
информатика 
педагогтарын даярлауда қашықтан оқыту технологияларын қолдану негізінде 
әдістемелік құралдар әзірлеу арқылы көрніс бермек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет