Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет11/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

16
 
үйлердікі 800-1000 есеге дейін жетеді. Жабдықталмаған жертөлелер 
радиация күшінің əлсіреуін 7-12 есеге төмендетсе, жабдықталғаны 
350-
400 есеге төмендетеді. 
Паналау орнын пайдалануға даярлауда орындықтар, ұйықтауға 
ыңғайлы орындар, дəретке шығатын орындар, желдеткіштер жəне 
уланған сырт киімдерді сақтау орындары болу керек. Паналау 
орындарында кем дегенде екі апаттық есіктері болуы тиіс (1.2-сурет). 
Қарапайым паналау орны . Заманауи қорғаныс құралдарының 
қолжетімді түрі қарапайым паналау орны болып табылады. Олар 
адамдарды жарық сəулесiнен, өткiш радиациядан жəне ядролық 
жарылыстан, қираған үйлер мен ғимараттардың басып қалуынан
уланған жəне жанғыш заттардың адам денесіне, киіміне тиіп кетуден 
қорғайды.
Қарапайым паналау орны – бұл үсті ашық əр жасыратын адамға 0,5 
м. жер көлемін есептелген ор-жыра.
Үсті ашық паналау орындарының үстін балшықпен жəне құммен 
жабу арқылы қорғаныс қасиеттерін арттырады. Бұны жабық 
қарапайым паналау орны деп атайды. 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. 
Эвакуациялық шаралар дегенді қалай түсінесіз? 
2. 
Бытыраңқы орналастырудың эвакуациядан айырмашылығы неде? 
3. 
Инженерлік қорғау дегенді қалай түсінесіз? 
4. 
Паналау орындары не үшін қажет? 
5. 
Бекітілген паналау орнын қалай ажыратамыз? 
6. 
Радиацияға қарсы паналау орны туралы түсіндіріңіз жəне қорғаныс 
құрылымдарын атаңыз. 
1.2-
сурет. Радиацияға қарсы паналау орны:
1 – 
жасыратын адамдарды кіргізу есігі; 2- тамбур; 3- тығыздалып бекітілген есіктер; 4- 
сүзгі желдеткіш орнатқышы; 5- апаттық шығу есігі;


17
 
7. 
РҚПО даярлауда қандай талаптар қойылған? 
8. 
РҚПО қорғанысқасиеті немен өлшенеді? 
9. 
Қарапайым паналау орны не ұсынады? 
10. 
Үсті ашық қарапайым паналау орны мен үсті жабықтың айырмашылығы қандай? 
№4 тапсырма. 1 бағанада берілген тапсырмалар анықтамасын 
2 бағанадан табыңыз немесе жазбаша толықтырыңыз. (тапсырмаларды 
орындау үшін 1-3 тапсырмалардағы теориялық материалдарды 
пайдалану қажет) 
№ 
р/с 
№ 
р/с 

Тіршілік – бұл

анықталған жағдай денсаулықты 
күрт нашарлататын травмалық 
жарақатқа алып келеді. 

Қауіп əлеуеттілігі

Заттар, энергиялар жəне ақпараттар 
легі адамға əсер етеді жəне 
денсаулығына кері əсерін 
тигізбейді, бірақ адам əрекетіне 
ыңғайсыздық тудырады. 

Зиянды факторлар 

Заттар, энергиялар жəне ақпараттар 
легі өзара қатынастың оптималды 
шарттарына сəйкес келеді. Олар 
əрекет пен демалыста, жұмыс 
қабілеттілігін көтеру үшін 
оптималды шарттар туындатады, 
адам денсаулығын сақтауға 
кепілдік береді. 

Қауіпті факторлар 

Аз уақыт ішінде табиғи ортаның 
қирауына əкеп соқтыратын, адам 
өліміне себеп болатын, жарақат 
алуға себепкер жоғары қауіп легі

«Адам – қоршаған орта» 
жүйесіндегі өзара 
қатынастарды 
төмендегідей жіктеуге 
болады: 

Белгіленген, қиын болжам 
жасалатын жағдайдағы адам 
əрекетіне жасырын, бұлыңғыр 
сипатта кері əсердің пайда болуы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет