Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет17/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

28
 
 
Аз ғана төменгі өртті жапырақ шыбықтарын қабаттастыра суға құю 
арқылы ұрғылап, аяқпен таптап сөндіруге болады; 
 
Шымдағы өртті сөндіру үшін жерді су құйып аудару керек
 
Өртті сөндіру кезінде бақылап, жолдан, жолақшалардан алысқа 
кетпей, басқа да сөндірушілерден таса қалмай дыбыстық, 
сигналдық байланыста болу; 
 
Шымдағы өртті сөндіру кезінде шымтезекті батпақтар болуы 
мүмкін, шымтезекті батпақтарға жоламау керек, топырақ қабатын
бақанмен тексеру керек. 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. 
Қандай жағдайда жаппай орман мен шым өрттері шығуы мүмкін? 
2. 
Жаппай орман өртінен сақтану шаралары қандай? 
3. 
Жазда құрғақшылық мерзімінде елді мекендерде қандай өртке қарсы 
шаралар болады? 
4. 
Орман өртіне жақын елді мекендер əрекеттерінің ерекшеліктері қандай? 
5. 
Шым өрті кезінде нені есте сақтау керек? 
№5 тапсырма. Жағдаяттық тапсырманы шешіңіз. 
Сіз орман немесе шым өрті маңында болдыңыз. Сіздің əрекетіңіз 
қандай? 
№6 тапсырма. Дауыл, алай-дүлей, құйын, жəне найзағай кезіндегі 
əрекет үлгілерін оқыңыз жəне бақылау сұрақтарына жауап беріңіз. 
Адамдар үшін қауіпті бұндай табиғи құбылыстарда жолдар мен 
көпір беттерінің, ғимараттардың, электр жеткізгіштер мен байланыс 
желілерінің, жер үстіндегі құбырлардың бұзылуы болады. Сонымен 
қатар, адамдар қатты жылдамдықпен ұшып жатқан қираған 
ғимараттардың шыны сынықтарынан жарақаттануы мүмкін. Сонымен 
бірге, ғимараттар толық қираған жағдайда адамдардың мерт болуы 
жəне жарақат алуы мүмкін. Қарлы жəне шаңды боран кезінде далалар, 
жолдар мен елді мекендерді қар басып қалуы, шаңның жиналуы 
(«қара дауыл») жəне судың лайлануы өте қауіпті болып табылады. 
Дауыл, боран, құйын соғу қаупі бар аудандарда тұратын болсаңыз, 
төмендегімен танысыңыз: 
 
жақындап келе жатқан табиғи зілзала туралы хабарлау дабылдарын 
білу; 


29
 
 
адамдарды қорғау тəсілдерін игеру жəне ғимараттардың қатты жел 
мен дауылдың суды айдауы əсеріне төзімділігін жоғарылату
дауыл, боран жəне құмды бұрқасын, құйын болған кездегі 
адамдардың əрекет ережелері; 
 
қираған ғимараттар мен имараттардың астында қалған, зардап 
шеккендерге көмек көрсете білу; 
 
жақындағы жертөлелер, ықтар мен неғұрлым мықты төзімді 
ғимараттарды білу; 
 
қауіптілігі жоғары аймақтардан шығу жолдарын білу; 
 
Өзіңіздің елді мекеніңіздегі Азаматтық қорғаныс жəне ТЖ 
басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі əкімшілік пен 
комиссиясының мекенжайлары мен телефондарын білу. 
Дауыл, боран, құйын кезіндегі әрекет үлгілері. Егер дауыл, боран, 
құйын сіз ғимаратта болғанда басталса, терезеден аулақ тұрыңыз да, 
жайдың ішкі жақ қабырғаларының жанында, дəлізде, құрылған 
шкафтардың қасында, жуынатын бөлмелерде, дəретханада, қоймада, 
мықты шкафтардың жанында, үстелдің астында қауіпсіз орындарға 
тұрыңыз. Пештегі отты, электр энергиясын өшіріңіз, газ желілерінің 
шүмектерін жабыңыз. Қараңғы уақытта фонарьлар мен шамдарды 
пайдаланыңыз, АҚ жəне ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар 
жөніндегі 
комиссиясының 
ақпараттарын 
есту 
үшін 
радиоқабылдағышты қосып қойыңыз. 
Егер дауыл, боран, құйын сіз елді мекеннің көшесінде жүргенде 
басталса, неғұрлым жеңіл құрылыстар ғимараттар, көпірлер, электр 
өткізгіш желілер, діңгектер, тоғайлар, өзен, көлдер мен өндіріс 
обьектілерінен алыс жүріңіз. Тезірек елді мекендегі жертөлелерде
жерқоймалар мен радиацияға қарсы паналарда тығылуға тырысыңыз. 
Егер құйын сіз ашық жерде жүргенде басталса, жол шетіне, шұңқырға, 
орларға, тар сайларға тығылып, басыңызды киіммен немесе тоғай 
бұтақтарымен жауып жерге жақын жатыңыз.
Ұшып жатқан шыны сынықтарынан қорғану үшін қаңылтыр, қатты 
қағаз немесе пластик жəшіктер, тақтай немесе қолда бар кез келген 
заттарды пайдаланыңыз. Зақымдалған ғимараттарға кірмеңіз, себебі 
қайта соққан желде құлауы мүмкін. 
Қарлы боранда ғимараттарға тығылыңыз. Егер далада немесе ауыл 
жолдарында келе жатсаңыз уақ-уақ тазаланып отыратын, жəне сізге 
көмек берілу мүмкіндігі бар басты жолға шығыңыз.
Шаңды құйын кезінде бетіңізді дəкемен, шытпен, мата 
қиындысымен, көзіңізді көзілдірікпен жабыңыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет