120
Баланың гиперактивті мінез-құлқымен жұмыс
Оқушылардың гиперактивті мінез-құлқының алдын алу
тактикасы
Оқушылардың гиперактивті мінез-құлқының алдын алу үшін
білім беруді ұйымдастыруда жағдай жасағаныңыз жөн:
1. Оның жоғары қозғалыс белсенділігін жүзеге асыру үшін
барлық мүмкіндіктері бар өмір сүру кеңістігін ұйымдастыру (фи-
зикалық жүктеме – таза ауада жүгіру, таңертеңгілік жаттығулар,
тренажерлерде жаттығу).
2. Үзіліс кезіндегі және сабақтан кейінгі физикалық жүктеме.
Ол үшін жаттығу залына тренажерлерді, батуттарды, швед қабыр-
ғасын қою және кезекші мұғалімнің бақылауымен гиперактивті ба-
лаларға осындай бөлмеде үзіліс өткізуге (жасауға) рұқсат беру.
3. Тынымсыз балаларға шы-
дамдылықты
дамытуға жоғарғы
физикалық жүктемені қажет ете-
тін
спорттық секциялар,
қимыл-
қозғалыс және сонымен бірге плас-
тиканы, назарды,
жеңіл қозғалыс
әрекеттер пайдалы, алайда күш
қажет ететін спорт түрлері ұсы-
нылмайды.
4. Тәсіл табу – мінез-құлық психотерапиясы. Мінез-құлық те-
рапиясы баланың проблемалы мінезін, тәртібін өзгертуге арналады.
5. Когнитивті терапия жоғары сынып оқушыларына қолда-
нылады және мектептегі жағдай
мен кездескен қиындықтарды
түсінуді қайта ұйымдастыруға бағытталған.
6. Психотерапия.
7. Бассүйектегі жоғары қан
қысымның белгілері оқудағы
декомпенсацияның профилактикасы үшін уақтылы психиатр жә-
не невропатологтың
тұрақты бақылауымен адекватты медика-
ментозды курстық терапияны
енгізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: