Сабаққа қатысты ескертулер
Оқушыларды ағаш кесудегі негізгі және қо-
салқы қозғалыстармен таныстырыңыз. Көпте-
ген жағдайларда кескіштің айналмалы қозға-
лысы негізгі қозғалыс болып табылады, яғни
кесетін құралдар – бұрғы, сүргі, дөңгелек ара-
лар, жонғыштар айналады, ал жонылатын ағаш
қозғалысы қосалқы болады. Токарь білдегінде,
керісінше жонылатын ағаш қозғалысы басты, қа-
шау қозғалысы қосалқы болады.
Назар аудар.
Тапсырма оқушылардың токарь білдегімен
ағаш кесу және жону ерекшеліктерін өз бетін-
ше оқуға бағытталған. Олар кесте бойынша ағаш
кесу және жону кезінде қай қозғалыстың басты,
қайсысы қосалқы екенін айқындайды. Осы мате-
риалды меңгеру үшін оқушыларға ағаштың біл-
декте токарь қашаулармен кесілетінін түсіндіріңіз
(токарь қашауларын көрсетіңіз). Оқушыларды
токарь білдегінде ағаш жонуға арналған құрал-
дармен таныс тырыңыз. Оқулықта олардың суреті
берілген.
Қашауға тіреу болып тұрған тіреуіш білдек
тұғыры бойымен де, кесе-көлденең де жылжи-
ды. Жартылай дөңгелек қашау – рейер бастапқы
жонуға арналған. Қиғаш қашау – мейсель соңғы
жонуға, дайындаманың шеттерін кесуге арналған.
Оқушыларға білдектегі құрал-сайманды ұстау
жолдарын түсіндіріп және көрсете отырып, жар-
тылай дөңгелек қашаумен бастапқы жонуды,
қиғаш қашаумен соңғы жонуды көрсетіп, қауіпсіз
тәсілдерді түсіндіріңіз. 2-3 минут жонғаннан кейін
білдекті міндетті түрде тоқтатып, ағаштың бекіт-
кішін тексеріп, артқы қысқыш ортасымен қысып,
ағаш пен тіректің жігіндегі саңылауды байқап
отыру керектігін еске салыңыз. Қиғаш қашау -
мейсельмен бірнеше рет соңғы жонудан кейін
білдекті тоқтатып, кронциркуль немесе штанген-
циркульмен өлшем жасайды. Бұйым бетінің те-
гістігін сызғышпен тексереді. Токарь білдегімен
жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін қатаң
сақтау қажет.
Анықта.
Оқушылар мәтін мен суретті салыстыра оты-
рып, жонылатын ағашты қалай дайындау керек-
тігін біледі. Ол үшін бөрененің ортасын айқын-
дап, ағаш бүйірлеріне ойық жасау керек. Ағашты
бекітетін жерге орнатып, артқы қысқышты қарсы
жақтағы бүйірге әкеледі, ағаш дұрыс ену үшін
қысып ұстайды. Оқушылар теориялық материал-
ды оқып болған соң, оларды білдектердің қасы-
на шақырыңыз және алғашқы өңдеуге арналған
ағаш әзірлеу ісін тәжірибе түрінде көрсетіңіз. Әр
қимылыңызды түсіндіре отырып, оны қалай және
не үшін орындау керектігін көрсетіңіз.
|