Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Сабаққа қатысты ескертулер



Pdf көрінісі
бет61/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сабаққа қатысты ескертулер 
Оқушылар токарлық істің теориялық кур-
сынан өтті. Жұмысқа қандай материал керектігін, 
құрылғыларды қалай таңдауды және жұмысқа қа-
жет құрал-сайман түрлерін біледі. 
Суреттерге мұқият қара.
Тапсырма оқушылардың байқампаздық қа-
білеттерін дамытуға арналған. Олардан оқу-
лықтағы суреттерге қарап, сұрақтарға жауап бе-
рулерін сұраңыз. 
Ықтимал жауаптар: 
Оқулықта орындық пен сапты әзірлеу сызба-
лары берілген. Сызбалар жасалатын бұйымның 
түрін көруге, оның бөліктерін, бөлшектер өл-
шемін, жалғасатын жерін айқындауға көмектеседі.
Сен білесің бе?
 
Бұл айдарда сызбаның элементтері туралы 
мәлімет берілген. Айдар сызбаның негізгі эле-
менттері - сызықтармен таныстырады. Оқушылар 
сызбадағы сызықтардың типі және қалыңдығы 
бойынша ерекшеленетінінен хабардар болады. 
Олардан ұсынылған материалдармен танысуын 
және атау ларды көрсету арқылы сызықтарды аль-
бомға түсірулерін сұраңыз. 
Оқушылардың назарын ағаш шебері құралы-
на арналған сап сызбасына аударып, әрбір бөл-
шектің конструкциялық элементтерден тұратыны, 
сурет бойынша қандай элементтерді оқып-үйре-
нетіні жайлы әңгімелесіңіз.


51
Көрк
ем еңбек
3-тарау. Дизайн және технология
Назар аудар.
Тапсырма технологиялық картаның құрылы-
мын өз бетінше оқып-үйренуге бағытталған. Ол 
үшін оқулықта картаның үзіндісі берілген. 
Картаның басында сол жақта өлшемдер көр-
сетілген бұйым сызбасы берілсе, оң жақта қол-
данылатын кесектің материалы мен өлшемі 
көрсетілген. Картаның өзі үш бағыттан тұра-
ды: «Іс-әрекеттер атауы», «Графикалық сурет», 
«Құрал-саймандар». Картада белгілі бір бұйымды 
әзірлеу әрекеттерінің реті сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет