47
Көрк
ем еңбек
3-тарау. Дизайн және технология
немесе қорғаныш экран болмаса, ұсақ жоңқалар
көзге түсуі мүмкін, ал қашауды дұрыс ұстамаса не-
месе тіреуіш пен айналып тұрған ағаш арасында
үлкен саңылау болса, қолды жарақаттауы мүмкін.
Белдікті беріліс тегі шкивтің қорғаныш қаптамасы
болу керек. Білдек тұғырында бөтен құралдар не-
месе заттар жатпауы тиіс. Дұрыс бекітпесең, айна-
лып тұрған ағаш ұшып кетуі мүмкін. Оқушыларға
білдек жұмыс істеп тұрған кезде бөлшекті өлшеу-
ге, тіреуішті жылжытуға, білдектің үстінен бір нәр-
се беруге не алуға, білдекті өшірмей тастап кетуге,
айналып тұрған ағашты қолмен тоқтатуға болмай-
тынын түсіндіріңіз.
Есте сақта!
Бұл айдарда білдекпен жұмыс істеу кезінде
сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері берілген. Әр-
бір топқа токарь білдегінде жұмыс істеу кезінде
сақталатын қауіпсіздік техникасы ережелері А4
қағазға басылған типтік нұсқаулықты таратыңыз.
Оқушылар оларды үлгіде берілген ережелермен
салыстырсын. Қауіпсіздік техникасы ережелерін
сақтамау қандай қиындықтарға алып келуі мүмкін
екенін нақтылаңыз.
Жонылатын ағашты құрылғыға бекітуді білдек-
те көрсеткен дұрыс. Әр құрылғыны жеке көрсет-
кен жөн. Патронға диаметрі қысқа, шағын ағашты
бекітіп, бүйірінен бұрама шегемен нығыздайды.
Үш ашалы тетік ұзын ағашты артқы тұғырдың ор-
тасымен қысып бекітуге арналған. Планшайба
ұзын емес, бірақ үлкен диаметрлі бұранда шеге-
лермен нығайтылған ағашты бекіту үшін қолда-
нылады. Мүмкіндік болса, ағаш жонатын токарь
білдегі жайлы шағын бейнежазба көрсетуіңізге
болады.
Орындап көр.
Бұл тапсырма практикалық дағдыларды игеру-
ге бағытталған. Оқушыларға үш-үштен патронға,
үш ашалы тетікке және қысқұрылғыға (планшай-
ба) бекітілетін ағаш кесіндісін таратып беріңіз.
Олардың қай ағашты патронға, қайсысын үш
ашалы тетікке, қайсысын қысқұрылғыға (план-
шайба) бекіту керектігін өз беттерінше анықтауды
сұраңыз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін
ағашты бекітуге не себепті сол құралды тандаға-
нын түсіндірсін.
Жонып біткеннен кейін оқушы білдекті өшіреді,
білдек толық тоқтағаннан кейін ғана ағашты шешіп
алады. Содан кейін келесі оқушы жонуға кіріседі.
Барлық оқушылар жонып болғаннан кейін, өз жұ-
мыстарын талқылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |