Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының шежіре кітабы мен шежірелік дастанының текстологиялық мәселелері сөз болады


Ергенеқон оқиғасы б.з.д. 700 жылдары



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата18.03.2024
өлшемі0.55 Mb.
#495901
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мырзақұлов Б.Т., Ақжігітова А.О.

Ергенеқон оқиғасы б.з.д. 700 жылдары 
басталған десек, әрі оған кемі мың (1000) жыл қосылса, Оғыз ханның өмір 
сүрген уақыты – б.з.д. XIX-XVII ғасырларға сәйкес келеді. Демек, Оғыз хан 
Ибраһим пайғамбармен (б.з.д. XIX-XVII)
 замандас болған деген сөз. 
Оғыз хан 72 жыл татарлармен соғысып, 73-жылы оларды бағындырып, жалпы 
116 жыл патшалық құрады (Әбілғазы, 2006: 23, 28). Оны кейбір тарихшылар әлемді 
билеген Зұлқарнайынмен [б.з.д. IV ғ. өмір сүрген Александр Македонский емес – 
Б.М.] байланыстырады. Расында, тарихи деректерде Құрандағы Зұлқарнайын мен 
Ибраһим пайғамбар бір дәуірде өмір сүрген деп айтылады. Бір кезеңде әлемді екі 
патшаның билеуі мүмкін емес екенін ескерсек, онда Оғыз хан мен Зұлқарнайынның 
бір тұлға екені мәлім болады. Оғыз хан туралы тың зерттеулер мен соны жаңалықтарды 
кейінгі жазбамызда ашып айтамыз. 
Осы ретте айта кететін тағы бір мәселе, тарих ғылымында ерте темір дәуірі 
б.з.д. VIII ғасырдан бастау алады әрі осы кезеңде темір металлургиясы қолданысқа 


"Керуен" ғылыми журналы №4, 81-том, 2023 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066

242 
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты "Керуен" | №4, 81-том, 2023
кеңінен енгізілді делінеді. Расында, Қиян мен Нүкіз осы дәуірде Ергенқонға кірсе, 
олар кейінгі темір дәуірінде (б.з.д. ІІІ) таудың тар өткеліне от қойып, оған көрік 
басып, темір қабатын ерітіп сыртқа шығады. Шынтуайтында, ерте темір дәуірінен 
мың жыл бұрын, яғни Зұлқарнайын (Оғыз хан) заманында да темір өндірісі мәлім 
болған. Мәселен, Зұлқарнайынның жабайы яжуж-мажуж (гог-магог) халықтарын екі 
таудың арасына қамап, қорған соққанда темір мен мыс метальдарын пайдаланған. 
Бұл сөзімізге Құран Кәрімде келген Зұлқарнайын туралы аят дәлел: «Маған темір 
тақтайлар әкеліңдер» деді. Екі беттің арасы теңелген кезде: «Көріктеңдер» деді. 
Ол от болған сәтте: «Маған еріген мыс әкеліңдер, үстіне құяйын» деді» (Кәһф 
сүресі, 96-аят).
5. Қорытынды
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының текстологиялық мәселелерін 
пәнаралық байланыстар аясында зерделеп, туындаған әрбір мәселені шешудің 
бірден-бір жолы – кадикалогиялық әдіс екені белгілі. Сондықтан ақынның шежіре 
кітабының кейінгі басылымдары мен шежірелік дастанының түрлі нұсқаларындағы 
кеткен қателерді түзетудің бүгінгі шәкәрімтану ғылымына тигізер пайдасы мол. 
Сондай-ақ автордың кейбір сөздеріне іргелі ғылыми еңбектер арқылы түсініктеме 
(комментарий) берудің де ұтымды жақтары жоқ емес. Ақынның шежірелік 
туындыларындағы мақалаға кірмей қалған мәселелер алдағы уақытта жарық көретін 
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының толық академиялық жинағын дайындау 
кезінде өз шешімін табады деген үміттеміз.
Ал Шәкәрім қажы сөз еткен Оғыз ханға келсек, ақын өз бектерінде ұлы билеушіні 
б.з.д. XXVIII ғасырда өмір сүрген десе, орта ғасырлық дереккөздер ұлы билеушінің 
заманын 1000 жылға бері жылжытады. Бәлкім, ақын да Оғыз ханды Мұхаммед 
пайғамбардан 3400 жыл емес, 2400 жыл бұрын өмір сүрген деп айтқысы келген 
болар. Өйткені араб тілінде екі (٢) мен үш (٣) сандары да өте ұқсас таңбаланады. 
Қорыта айтқанда, Оғыз хан осыдан милади 3723 (хижри 3835) жыл бұрын, яғни б.з.д. 
XIX-XVII


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет