"Керуен" ғылыми журналы №4, 81-том, 2023 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066
242
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты "Керуен" | №4, 81-том, 2023
кеңінен енгізілді делінеді. Расында, Қиян мен Нүкіз осы дәуірде Ергенқонға кірсе,
олар кейінгі темір дәуірінде (б.з.д. ІІІ) таудың тар өткеліне от қойып, оған көрік
басып, темір қабатын ерітіп сыртқа шығады. Шынтуайтында, ерте темір дәуірінен
мың жыл бұрын, яғни Зұлқарнайын (Оғыз хан) заманында да темір өндірісі мәлім
болған. Мәселен, Зұлқарнайынның жабайы яжуж-мажуж (гог-магог) халықтарын екі
таудың арасына қамап, қорған соққанда темір мен мыс метальдарын пайдаланған.
Бұл сөзімізге Құран Кәрімде келген Зұлқарнайын туралы аят дәлел:
«Маған темір
тақтайлар әкеліңдер» деді. Екі беттің арасы теңелген кезде: «Көріктеңдер» деді.
Ол от болған сәтте: «Маған еріген мыс әкеліңдер, үстіне құяйын» деді» (Кәһф
сүресі, 96-аят).
5. Қорытынды
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының текстологиялық мәселелерін
пәнаралық
байланыстар аясында зерделеп, туындаған әрбір мәселені шешудің
бірден-бір жолы – кадикалогиялық әдіс екені белгілі. Сондықтан ақынның шежіре
кітабының кейінгі басылымдары мен шежірелік дастанының түрлі нұсқаларындағы
кеткен қателерді түзетудің бүгінгі шәкәрімтану ғылымына тигізер пайдасы мол.
Сондай-ақ автордың кейбір сөздеріне іргелі ғылыми еңбектер арқылы түсініктеме
(комментарий) берудің де ұтымды жақтары жоқ емес. Ақынның шежірелік
туындыларындағы мақалаға кірмей қалған мәселелер алдағы уақытта жарық көретін
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының толық академиялық жинағын дайындау
кезінде өз шешімін табады деген үміттеміз.
Ал Шәкәрім қажы сөз еткен Оғыз ханға келсек, ақын өз бектерінде ұлы билеушіні
б.з.д. XXVIII ғасырда өмір сүрген десе, орта ғасырлық дереккөздер ұлы билеушінің
заманын 1000 жылға бері жылжытады. Бәлкім,
ақын да Оғыз ханды Мұхаммед
пайғамбардан 3400 жыл емес, 2400 жыл бұрын өмір сүрген деп айтқысы келген
болар. Өйткені араб тілінде екі (٢) мен үш (٣) сандары да өте ұқсас таңбаланады.
Қорыта айтқанда, Оғыз хан осыдан милади 3723 (хижри 3835) жыл бұрын, яғни б.з.д.
XIX-XVII
Достарыңызбен бөлісу: