Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§4 Топонимика – туған өлке тарихын оқып-зерттеудегі дереккөзі



Pdf көрінісі
бет18/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§4 Топонимика – туған өлке тарихын оқып-зерттеудегі дереккөзі 
ретінде. 
§4.1 Өлке тарихын зерттеу мақсатында топонимикалық 
жадығаттарды жинақтау тәсілдері. 
Топонимика (грек тілінен аударғанда «топос» – жер, орын, «онима» - атау) 
– елді-мекен пункттерінің географиялық атаулары туралы ғылым. Ол 
географиялық атаулардың шығу-тегін, олардың даму тарихы мен маңызын 
анықтайды. 
Топоним географиялық атау болғандықтан – бір мезгілде тілдік және 
тарихи да бола алды. Сондықтан тілтану, тарих, археология, география үшін 
маңызды дерек көзі болып табылады.
Топонимдердің төрт түрін мамандар бөліп көрсетеді: 
1. табиғи құбылыстармен байланысты топонимдер; 
2. елді-мекен мен шаруашылыққа жарамды жерлерге байланысты 
топонимдер; 
3. халықтық кәсіп пен өндіріске байланысты топонимдер; 
4. халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайымен байланысты 
топонимдер. 
Топонимикалық жадығат тұрғын халықтан сұрақ-жауап әдісін қолдана 
отырып, жалпы зерттеу жолымен жинақталады. Бұған мұғалім мен оқушылар 
көп көмек көрсете алады. Сұрақ-жауап әдісімен тұрғын халықтан жинақталған 


49 
мәліметтер уақ объектілер: өзендерге, жылғаларға, бұлақтарға, жыраларға, 
шағын тоғайларға қатысты атаулар туралы мәлімет жинауға септігін тигізеді. 
Өткен замандарға жататын елді-мекендер жөнінде топонимикалық 
жадығаттарды жинақтаушылар үшін олар жөнінде мұрағатта сақталған 
құжаттық жоспарлар, жазба кітаптар, мекен орындарының тізімі маңызды рөл 
атқарады. Бұлар бойынша ежелгі атаулардың барысын, кейде жоғалып кету 
себептерін анықтауға болады. 
Жалпы, өлкетанушылар өлкенің топонимикасын зерттеуді жергілікті 
сөздік құрастыруға жадығаттар жинақтаудан бастайды. Ол үшін ең алдымен, 
географиялық атаулар туралы жадығаттарды жинақтап алып, ондағы 
географиялық атауларды әліппелік ретпен жазады, содан соң, географиялық 
атаулардың тарихи даму барысын сипаттайтын күрделі сөздік құрастырады. 
Топонимикалық сөздік – бұл, негізінен, географиялық атаулардың шығу 
тегін анықтайтын этимологиялық сөздік. Оны құрастыруға географтар, 
тарихшылар, лингвистер, этнографтар және басқа да мамандар қатысады. 
Сөздікке жадығаттар жинақтау көп жағдайда жергілікті тұрғын халықпен 
әңгімелесу арқылы жүзеге асады. Оның барысында бұл өлкеде қандай атаулар 
қолданылатыны және олардың шығу себептері дәл анықталады. Сондай-ақ, 
объекті атауларының жергілікті табиғи ортамен байланысы анықталады. 
Топонимикалық сөздік географиялық сөздікке қарағанда объектілерді 
емес, атауларды сипаттайды. Атаулардың мәні тек шығу-тегін анықтаумен 
ашылмайды, атаулардың ортасын, өзгерісін және өзгеру түрлерін анықтау 
арқылы ашылады. Топонимикалық сөздік этимологиялық сөздіктен тарихи-
географиялық ортаны зерттеумен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет