112
жалақысы және мерзімді басылымның сатылу құны жөнінде мәліметтер жинау;
4. Мерзімді басылымдардың мазмұнына қарап, мерзімді басылымның
таптық сипаты, қарастырып отырған кезеңдегі күнделікті
өмірдегі негізгі
мәселелері, қоғамдық-ойды көрсете білу дәрежесі жөніндегі мәліметтер жинау;
5. Қосымша мынадай мәліметтер жинақтаған дұрыс:
- мерзімділігіне қарай (күнделікті және апталық газеттер; апталық, айлық
немесе тоқсандық журналдар);
- территориялық белгілеріне қарай (астаналық, орталық, жергілікті);
- тіліне қарай (қазақ, орыс, ағылшын, т.б.);
- баспасына қарай (ресми-үкіметтік, ведомстволық,
жеке меншік,
қоғамдық, ұйымдық, т.б.);
- цензураға қатынасына қарай (жария, жасырын);
- әлеуметтік бағытына қарай (жастар, әйелдер, балалар, студенттер, т.б.);
- мазмұнына қарай (әдеби, қоғамдық, ғылыми, сатиралық, т.б.).
6. Мерзімді басылымдардағы бір ғылыми мақалаға төмендегідей үлгі
бойынша аннотация жасау:
І. а) Мақаланың көрсеткіштері (тақырыбы, жарияланған басылымы, жылы
орны, нөмірі, беттері);
б) авторы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі,
атағы, лауазымы (егер көрсетілсе).
ІІ. Мақала авторының мақсаты (мақаланың басында ол көрсетілген бе, жоқ
па, анықтап алыңыз). Көрсетілген мақсат
пен басылған материалдың
қайшылығы, айырмашылығы мүмкіндігіне назар аударыңыз.
ІІІ. Мақсатына жету үшін автор қандай әдістемелерді пайдаланады?
(Мысалы, бұрынғы басылымдарды талдау, этнографиялық зерттеулер,
әлеуметтік сұраулар, музей коллекцияларын жүйелеу, т.б.).
IV. Пайдаланылған дерек түрлері:
археологиялық, этнографиялық,
жазбаша, эпиграфика...
V. Автор пайдаланған зерттеу жұмысының әдістері (эвристикалық, тарихи-
салыстырмалы (компаративтік талдау), далалық зерттеулер, индуктивтік,
дедуктивтік, синтез, т.б.).
VI. Мақаладағы көрнекі суреттер (иллюстрация):
графиктер, карталар,
кестелер, фотосуреттер, сызбалар. Олардың қысқаша сипаттамасын беріңіз.
Олардың автордың идеясын түсіндірудегі көмегі қандай?
VII.
Мақаланың
ерекшелігі
(стиль, сюжет,
дерек
көздерінің,
қорытындылардың, болжамдардың сипаты).
VIII. Егер сіз тақырып жөнінде қосымша мәлімет білсеңіз (басқа
мақалалар, кітаптар бойынша), оларды автордың қорытындысымен қысқаша
салыстырыңыз. Сәйкестік (сәйкессіздік) деңгейін көрсетіңіз.
IX.
Зерттеудің тәжірибелік маңызын, тақырыптың жаңалығын,
тұжырымның көкейкестілігін атап көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: