АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП,
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Орынбасар Айтолқын Аяпбергенқызы
Шымкент қаласы, №75 мектеп – гимназиясының
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де
мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын
кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне
көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері,
технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға
алынды.Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру,
бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар
арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе
алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді,
технологияларды қолданған жөн?Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету
туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық
технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталуды жөн деп санап, осы тақырыпта
жинақтаған іс - тәжірибемді ортаға салмақпын.Білім беру саласында түрлі технологиялар
енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану
басты талап.
Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай
білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану
әдісін ақпараттық - коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.Ақпараттық
технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте
біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың
жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз.
Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін,
оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген.
Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын,
шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.Ағылшын тілді оқытуда жаңа
технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген
қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда
болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі
компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Ағылшын тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен
жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам:
Достарыңызбен бөлісу: |