Көрнекілігі: Интерактивті тақта Пәнаралық байланыс



бет1/5
Дата07.02.2024
өлшемі1.08 Mb.
#491245
түріСабақ
  1   2   3   4   5
XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалды сайысы




Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы»


Мақсаты: Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау. Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой-өрісін дамыту.
Түрі: Сайыс сабақ, ойын сабақ, жарыс сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, ағылшын тілі, математика, информатика, тарих, биология, география, музыка, спорт, салт-дәстүр.
Тәрбие сағатының жүрісі: «БӘЙГЕ», «ДОДА», «ОЙЛАН ТАП»«ЖОРҒА» кезеңдері

Жүргізуші: Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады – демекші ендеше талай ғұламаларды туғызған қазақтың қасиетті жерінің бірі ретінде білім ордамызда өткелі отырған


«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. Бүгін, біздің ойынымызға
6 сынып оқушылары қатысқалы отыр. Ендеше оқушыларымызбен танысып өтейік.
6 А Әбуов Айбын
6 Ә Ғазиз Альфия
6 Б Дәлубаев Айсұлтан
6 В Насырқызы Аянат
6 Е Меңдешов Уалтихан

Сайысымызды бастамас бұрын алдымен әділ қазы алқасымен таныс болайық.


Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Орынбасарова Ж және
педагог-организатор Төлепова С

Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз төрт турдан тұрады:


БӘЙГЕ, ДОДА, ОЙЛАН ТАП, ЖОРҒА


БІРІНШІ КЕЗЕҢ
« БӘЙГЕ»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз
дей келе біз келесі кезең БӘЙГЕ кезеңін бастайық.

1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар жауаптарымен беріледі, әр сауал 10 ұпай болып есептелінеді.


2. Жауапқа екі минут уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды
3. Сайыс қорытындысы бойынша ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.



  1. «Сақ» мағынасы парсы жазбаларында қалай деп түсіндіреді?

А. Құдіретті еркектер
Ә. Жауынгер
Б. Жүйрік атты турлар

  1. Жер өз білігін қанша сағатта айналып өтеді?

А. 22
Ә. 23
Б. 24

  1. Жиделі Байсын жерінде, Қоңырат атты елінде бек болып, жұрт басқарған жыр кейіпкері кім?

А. Қобыланды
Ә. Алпамыс
Б. Ер төстік

  1. WinRar, WinZip, WinArj нелер болып табылады?

А. Компьютер құралы
Ә. Бағдарлама тетігі
Б. Архиватор программалары

  1. Қ азақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қай жылы шықты?

А. 1978ж
Ә. 1973ж
Б. 1971ж

  1. Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым

А. Бейнелеу
Ә. География
Б. Биология

  1. Натурал сандар жиыны

А. Z
Ә. M
Б. N

  1. Қашан? Қайда? Қалай? Не себепті? Қайтіп? Қанша? қай сөз табының сұрақтары?

А. Пысықтауыш
Ә. Есімдік
Б. Үстеу

  1. Органикалық қосылыстардың тотығуы

А. Фотосинтез
Ә. Тыныс алу
Б. Цитоплазма

  1. Натюрморт қай елдің сөзі?

А. Франция
Ә. Шотландия
Б. Англия

  1. Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

А. төртеу
Ә.үшеу
Б. Алтау

  1. Өмілдірік деген не? –

А. Киіз үй құралы
Ә. Арба дөңгелегі
Б. Ер тұрман әбзелі





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет