Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет176/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
«Ей, Мұса! Сені қауымыңнан не асықтырды?» «Олар 
артымда, Раббым, Саған Өзің разы болу үшін асықтым», – 
деді (Мұса)»
1
, – делінген. 
Ол Тұр тауына жетіп, екінші рет қасиетті ағаш түбінде 
Аллаһтың дидарын көрместен Онымен тілдеседі. Осы Тұр 
тауының қасиетті Туа ойпатында Мұса Аллаһ тағаладан 
Тәуратты қабылдап ала бастады. Уәделі отыз күн ішінде Мұса 
ораза ұстады. Арада біраз күн өткен соң аузынан жағымсыз иісті 
сезіп, мұндай халде Аллаһпен тілдесуге ұялып, аузын ашып 
жібереді. Мұсаның бұл ісін Аллаһ тағала айыптап, оған: «Неге 
аузыңды аштың?» – дейді. Мұса: «Аузымның иісі бұзылды», – 
деп жауап берді. Сонда Аллаһ тағала: «Сен білмейсің бе, ораза 
ұстаған ауыздың иісі Мен үшін мисктің иісінен де жағымды. 
Тағы да он күн ораза тұт!» – деп бұйырады. Мұсаның отыз күніне 
тағы да он күн қосылып, қырық күнге ұзарды. Аллаһ тағала: 
«Мұсаға отыз түн уәделі мерзім белгіледік те, оған он (түн) 
қосып, сөйтіп, Раббының белгілі уақыты қырық кешке 
толды. 
Мұса 
туысы 
Һарунға: 
«Елімнің 
арасында 
орынбасарым бол. Түзет те, бұзақылардың жолына ерме», – 
деді»
2
, – деп айтқан. 
Бұл уақыт аралығында Мұсаның орнына исраилдіктерді Һарун 
басқарып отырды. Аллаһ тағаламен қырық күн бойы ешқандай 
дәнекерсіз тікелей тілдескен Мұса осы ерекшелігі үшін 
«Кәлимуллаһ» (Аллаһпен тілдесуші) деп аталған. Аллаһ тағала: 
«Аллаһ Мұсамен тілдесу жүргізген»
3
, – деген. Аяттың 
мазмұнынан бұл тілдесудің бір реттік емес, бірнеше мәрте 
болғаны аңғарылады. Сол күндердің бірінде Мұса Аллаһтан 
дидарын көрсетуді сұрайды.
1
«Таһа» сүресі, 83-84 аяттар. 
2
«Ағраф» сүресі, 142-аят. 
3
«Ниса» сүресі, 164-аят. 


206


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет