«Мұсаға (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде
түсіндіріп жазған едік: «Сонда оны мықты ұста және еліңе
әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын. Саған әлі
бұзақылар мекенін көрсетемін»
1
.
Тәуратты қабылдаған қырық күн ішінде Мұса оның
мазмұнымен танысып, үкімдерін үйренді.
Исраилдіктердің бұзауға табынуы
Мұса Тұр тауында жүрген аралықта исраилдіктердің арасында
аса қатерлі жағдай белең алды. Аллаһ тағала: «Біз сенен кейін
еліңді сынадық. Сондай-ақ оларды Самири жолдан
шығарды»
2
, – деп айтқан. Аятта айтылғандай, Мұсаның
қауымын адастырған Самири деген кісі болатын. Мұса Аллаһпен
кездесу мерзімі біткеннен кейін Тәурат жазылған тас
тақтайшаларды алып, исраилдіктерге қайта оралады. «Сонда
Мұса ашуланып, кейіген түрде еліне қайтты»
3
.
Мұса жоқ кезде қауымының арасында бүлік тууға мына нәрсе
себеп болған-ды. Мұсаның айтулы отыз күні өтсе де қауымына
оралмаған соң, адамдардың арасында түрлі қаңқу сөз тарайды.
Сол кезде оның кешігуін Һарун «Мүмкін, біз бір күнә істеп
қойған болармыз» деп ойлайды. Өйткені исраилдіктер Мысырда
жүрген кездерінде өздерінің әшекей бұйымдары болмаған соң,
кейде сәндік бұйымдарды мысырлықтардан уақытша сұрап
алатын. Мысырдан шыққан исраилдіктерде сол сәндік бұйымдар
қалып қойды, бұл бұйымдарды қайтарып беруге мүмкіндіктері
болмаған-ды. Мүмкін, осы үшін күнәлі болармыз деп ойлаған
Һарун исраилдіктердің қолындағы сәндік, әшекей бұйымдардың
барлығын түгелдей жинатып, жерге көміп тастайды. Нәтижеде
1
«Ағраф» сүресі, 144-145 аяттар.
2
«Таһа» сүресі, 85-аят.
3
«Таһа» сүресі, 86-аят.
208
Достарыңызбен бөлісу: |