204
Аллаһтан басқа құдай іздейін бе? Ал Ол болса сендерді бүкіл
әлемдерден артық қылған», – деді. Сендерді жаман
азаптармен қинаған, ұлдарыңды өлтіріп, әйелдеріңді тірі
қалдыратын перғауын адамдарынан құтқарғанымызды
естеріңе алыңдар. Бұл істерде Раббыларың тараптан үлкен
сынақ бар»
1
, – деп баяндайды.
Бұл оқиғаға Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисінде де ишара
жасалған. Сахаба Әбу Уақид әл-Ләйси (Аллаһ оған разы болсын):
«Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге Хунайн (жорығының)
алдында бір
лотос ағашының жанынан өтіп бара жатып: «Уа, Аллаһтың
елшісі! Кәпірлердің қару ілетіні сияқты бізге де қару-жарақ
ілетін бір нәрсе істеп бер», – дедік. Кәпірлер сол лотос ағашына
қару-жарақтарын іліп, әрі соның айналасында сиынатын. Сонда
Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһу әкбар!
2
Бұл исраилдіктердің
Мұсаға «Олардың тәңірлері тәрізді бізге де құдай жасап бер»
дегені сияқты. Сендер өздеріңнен алдыңғылардың ғұрпына
ілесіп тұрсыңдар», – деді», – деп айтқан
3
.
Тұр тауында
Сосын Аллаһ тағала Мұсаға шариғат үкімдері ретінде
Тәуратты беруге уәде етіп, Тұр тауына келуді бұйырады. Аллаһ
тағала:
«Мұсаға отыз түн уәделі мерзім белгіледік»
4
, – дейді.
Сөйтіп, Аллаһ тағала Мұсаға Тұр тауына келіп отыз түн,
толық
бір ай өткізіп, Тәуратты қабылдап алуды әмір етті. Аллаһпен
тілдесуге ынтызарлығы артып,
шыдай алмаған Мұса қауымын
туысы Һарунға тапсырып, жүріп кетеді. Аллаһтың разылығы
үшін Тәуратты қабылдап алуға асыққан Мұса жайлы Құранда:
1
«Ағраф» сүресі, 138-139 аяттар.
2
Таңдану мағынасында.
3
Хадисті ән-Нәсәи мен Ахмад жеткізген.
4
«Ағраф» сүресі, 142-аят.