қателестік. Тәубе қылғымыз келеді», – дейді. Оларға жауап
ретінде Аллаһтан: «Расында, сендер бұзауды тәңір жасап
алумен өздеріңе қастық қылдыңдар! Енді Жаратушыларыңа
тәубе қылыңдар да, өз-өздеріңді өлтіріңдер. Бұларың сендер
үшін Жаратушыларыңның қасында қайырлы», – деген үкім
түсті. Яғни бұл күнә өз-өзін өлтіру арқылы ғана жуылатын
болды. Исраилдіктердің кейбірі бұл үкімге бойсұнып өз-өздерін
өлтіріп тәубе етті. Әлбетте, олардың тәубелерін Аллаһ қабыл
алды. «Сонда (Аллаһ) тәубелеріңді қабыл етті. Өйткені Ол –
тәубені Қабылдаушы, аса Мейірімді»
1
;
«Сондай жаман іске бой ұрғандар, кейін тәубе қылып,
иман келтірсе, күдіксіз Раббың сонан соң да аса Кешірімді,
өте Мейірімді»
2
. Ал көпшілігі болса бұл нәрсені орындай
алмады. Өйткені олар өмір сүруге тым құштар. Аллаһ тағала:
«Яһудилердің жалпы адамдар мен мүшріктерге қарағанда
тіршілікке (ұзақ өмір сүруге) тым құштар екенін көресің.
Олардың әрбіреуі мың жыл өмір сүруді арман етеді. Алайда
өмір оны азаптан арашаламайды. Аллаһ – олардың
істегендерін толық Көруші»
3
, – деп айтқан.
Яғни олар қандай жағдай болсын, мейлі қорлықта, мейлі
адасуда күн кешсе де, өмір сүруді өте жақсы көреді. Сондықтан
да Аллаһтың күнәларын жуу үшін шығарған үкімі ауыр
тигендіктен, исраилдіктер мұнымен келісе алмады және көпшілігі
орындамады. Сөйтіп, олар Қияметке дейін Аллаһтың қаһары мен
азаптауында өмір сүретін болды.
1
«Бақара» сүресі, 54-аят.
2
«Ағраф» сүресі, 153-аят.
3
«Бақара» сүресі, 96-аят.
212
Тәуратты ұстану туралы исраилдіктерден ант алу
Достарыңызбен бөлісу: |