210
Мұнан соң Мұса Самиридің бұл әрекетіне үкім шығарып:
«Енді кет! Ғұмырыңда: «Маған жұғыспа» деп өтесің.
Күдіксіз саған әсте өзгермейтін жаза тағы бар. Айнымай
табынған тәңіріңе қара! Расында, оны өртеп, сонан соң
дарияға тастап жібереміз», – деді».
Мұса айтқандай, Самири жаман жұқпалы ауруға ұшырап,
адамдар оған жақындамай қашатын болды. Ал бұзау мүсінін
Мұса
майдалап, бөлшектеп, өртеп теңізге лақтырып жіберді де,
қауымына:
«Тәңірлерің – Аллаһ қана. Одан басқа ешбір құдай жоқ.
Оның білімі әр нәрсені сыйдырады»
1
, – деді.
Аллаһ тағала бұзау мүсінге табынғандарға қатысты:
«Күдіксіз сондай бұзауды тәңір тұтқандарға Раббылары
тарабынан қаһар тиіп, дүние тіршілігінде қорлыққа
ұшырайды. Қаралаушыларды осылай жазалаймыз»
2
, – деген
үкім шығарды. Осы сәттен бастап олар Қиямет күніне
дейін
Аллаһтың азабы мен қаһарына ұшырады. Сол үшін де біз
мұсылмандар әр намазымызда:
«Бізді тура жолға сала көр!
Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың емес, нығметке
бөлегендеріңнің жолына!»
3
– деп айтамыз.
Бұл аятта айтылған
«ашуға ұшырағандар» – исраилдіктер, ал
«адасқандар» – христиандар. Ғұламалар «исраилдіктердің ашуға
ұшырауының себебі –
ақиқатты біле тұра, тура жолдан тайып
кетуі, ал христиандардың адасуы – тура жолды таппауы» деп
түсіндіреді. Ақиқатты біле тұра жүз бұрғандары үшін
исраилдіктер Қиямет күніне дейін Аллаһтың жазасынан тыс
қалмайды.
Олар
мүсін
бұзау
паршаланып,
өртеніп
теңізге
лақтырылғаннан
кейін қателескендерін біліп, Мұсаға келіп: «Біз
1
«Таһа» сүресі, 95-98 аяттар.
2
«Ағраф» сүресі, 152-аят.
3
«Фатиха» сүресі, 6-7 аяттар.