Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет32/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Адам пайғамбардың қиссасынан алынар ғибраттар 
1. Алғашқы күнә – тәкаппарлық. Сондықтан ғұламалар: 
«Барлық күнәлардың негізі – тәкаппарлық», – деген. Сол себепті 
Пайғамбар (с.а.с.): «Жүрегінде қыша дәнінің салмағындай 
менмендік болған (адам) жаннатқа кірмейді»
1
, – деп айтқан. 
Осы мағынаны беретін көптеген хадистер келтірілген. 
Сондай-ақ киімді менменсіп, жерге сүйретіп жүруден 
қайтаратын «Аллаһ паңдықпен киімін сүйретіп жүретін кісіге 
Қиямет күні назарын салмайды»
2
делінген хадис жеткен. 
Киіммен, үй-жаймен немесе руымен, ата-тегімен мақтану
ұлтшылдық, рушылдық күнәлардың негізі болып табылады. Сол 
себепті Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабалардың бірінің «Ей, 
ансарлар!» ал басқа бірінің «Ей, муһажирлер!» деп өз 
жақтастарын шақырып жатқанын естіген кезде: «Қойыңдар оны, 
расында, ол – жиіркенішті нәрсе», – деген
3

және 
адамдар 
арасындағы 
бақталас, 
мақтанушылық 
тәкаппарлыққа жатады. Қарапайым қызметкерге, жалгер 
жұмысшыға немесе міскіндерге менменси қарау – аса ауыр күнә. 
Өйткені 
Аллаһ 
тағалаға 
қатысты 
алғашқы 
күпірлік 
тәкаппарлықтан туған. 
2. Кінәні мойындау – Адам мен Ібілістің арасындағы үлкен 
айырмашылық. Ібіліс қарсылық танытып, менменсіді және осы 
әрекеті үшін мәңгілік тозаққа лайық болды. Ал Адам Аллаһтың 
әміріне қарсы келіп күнә істегенімен, Одан өз күнәларын 
кешіруін сұрап жалбарынды. Сондықтан ғалымдар: «Кіші күнә 
мойындаумен, ал үлкен күнә кешірім сұрау арқылы (жуылады)», 
– деп айтқан. 
1
Хадисті Әбу Дауд жеткізген. 
2
Хадисті әл-Бұхари риуаят еткен. 
3
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 


40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет